Аманат арқалаған ұрпақпыз

Тегінде тарихын қасиет тұтып, тектілігін тәубе еткен елдің тәуелсіз перзентіміз. Дидарғайып дүниеде жаңа ғасыр тудырған алашшыл жүрегіміз тек әділет пен игі істер үшін соқпақ. Десе де, алмағайып кезеңде көлденең келген елдегі ахуал үлкен – кішілі жан баласын есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Жанға батты, екі көзден жастар да ақты… Әсілі, елдігіміз бен ерлігіміздің сыналар сәтінде күшіміздің бірлікте екендігін ұққанымыз еріксіз сүйсіндірді.

ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының «Мен еліммен біргемін, мен осындамын!» дегені біздің көңілімізге медеу болып, рухымызды еселей түсті. Бүгінде ел басшысының Парламент Мәжілісі отырысында көтерген мәселелері мен қабылдаған шешімдері мемлекетіміздің нығая түсуіне ұйытқы болатынына бек сенімдімін. Себебі, елдегі тұрақтылық  – шаңырағымызға ортақ құндылық. Мемлекет мүддесі үшін қолға алынған бастамалар жаңа Қазақстан құрудың алғышарты екендігін іштей ұғынып, елдік намысты қуатты істермен қолдаймын!

Ел болашағына зор сеніммен қарайтын тәуелсіз ел перзенттері дәл осы жолда еңбек ететіндігіне күмәнім жоқ. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылған тұста біз бірқатар тәуекелдерге батыл қадам жасаймыз. Бастысы, уығымыз берік, шаңырағымыз биік болсын!

Кɵркемжан Бақытжанқызы ҚАНАТ,
Дулати университетінің магистранты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий