Зияткерлік мектептің ұстаздардары impact olympiad сайысында топ жарды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмарал Алмабекова мен математика пәні мұғалімі Махсет Ауданов IMPACT OLYMPIAD (International Mathematics Physics And Computer Science Teachers and Trainers Olympiad) халықаралық олипмадасында жеңімпаздар қатарынан көрінді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Математика мен информатика пәні мұғалімдеріне арналған халықаралық сайыста Ақмарал Алмабекова ІІ орынға лайық деп танылса, Махсет Ауданов ІІІ орынды иеленді. Мұндай семинар-байқаулар педагогтардың күшін сынап, кәсіби тұрғыда өсуіне көмектеседі. Сондықтан бірінші рет бағымды сынап көрейін деп шештім. Алдымен байқау семинарында «Оқушылардың жобалық жұмысын қолдау және менторинг» тақырыбында өз тәжірибеммен бөлістім. Кейін байқауға қатысып, турдан өттім, – дейді информатика пәні мұғалімі Ақмарал Алмабекова.

Педагогтарға арналған байқау кәсіби тұрғыдан өсіп, біліктілік деңігейін арттыруға арналған. Жарысқа жыл сайын Моңғолия, Грузия, Қазақстан елдерінен жүдздеген мұғалім бағын сынайды. – Мен жыл сайын қатысып, өз кәсіби біліктілігімді бірінші лигада сынап көріп келемін. Биыл тапсырмаларды орындау барысында кәсіби шеберлігім өскенін өзім де байқадым. Сайыс 1 турдан тұрса да 5 сағаттан ұзаққа созылды және, академиялық адалдық сақталады. Біз камераның бақылауында отырып, қате шешімдердің дұрыс жауабын таптық, – дейді математика пәні мұғалімі Махсет Ауданов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий