Каникулдық мектеп: білім беру жобасы жүзеге асырылуда

Ақтөбе облысында 2016 жылдан бастап  шағын жинақты мектептердің педагогтеріне практикалық жəне əдістемелік көмек көрсету мақсатында «Каникулдық мектеп» білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы ауыл мұғалімдері жоспар бойынша  өз бі­лім­­дерінің деңгейін көтеруде.

Бүгінгі таңда “Каникулдық мектеп” облыстық білім беру жобасы жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық  бағыты пәндерінің мұғалімдеріне және бастауыш класс мұғалімдеріне  арналған жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнына, CLIL әдісін меңгеруге, АКТ және интернет-ресурстарды, оқу уақытын тиімді пайдалануға, практикалық және зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, критериалды бағалау, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша 50 әдістемелік семинарлар өткізіп, 5403 педагог қамтылды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері облысымыздың алты ауданында математика және жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің 8, 9, 10 – сыныптарға сабақ беретін мұғалімдеріне семинарлар өткізді.

Шара барысында бес жүзден астам мұғалім 8 сағат бойы белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, өз бетінше шешім қабылдай алу, өмір бойы білім алуға құлшыныс бағыттарында және  сабақты жоспарлаудың практикалық дағдыларымен жұмыс жасады. Заманауи  мектептегі  оқушылардың білім мазмұнын игерген, білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білетін, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алатын  және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді көздеген жоба әлі де жалғасын таппақ. 

Акгул Аскербековна АСКЕРБЕКОВА,
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік
орталығының мектепке дейінгі және
жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий