ЕҰУ-дың 27 білім беру бағдарламасы “Атамекен” рейтингінде көш бастап тұр
Еуразия ұлттық университетінің 48 білім беру бағдарламасының 27-сі Қазақстан университеттерінің рейтингінде көш бастап тұр. Саралауды ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» ҰКП жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үздік көпсалалы жоғары оқу орны, сондай-ақ педагогтарды даярлайтын үздік университет болып танылды, деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Саралау үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша жүргізілді: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және оқушылардың жетістіктері. Жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы 55% – ды құрайтыны белгілі болды. Өткен жылы Еуразия ұлттық университетінің 21 білім беру бағдарламасы осы рейтингтің үздік үштігіне енген болатын.
Загрузка...