ЕҰУ классикалық университеттер арасында”Атамекен” рейтингінде білім беру бағдарламаларының сапасы бойынша бірінші орын алды
Еліміздің классикалық университеттері арасында Еуразиялық ұлттық университеті ҚР БҒМ тапсырысы бойынша Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы дайындаған «Атамекен» жоғары оқу орындарының рейтингінде бірінші орында, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

ЖОО-ның рейтингте ұсынылған 48 білім беру бағдарламасының 27-сі көшбасшылық позицияларда. Үздіктер қатарында – педагогикалық және техникалық мамандықтар. Сондай-ақ зерттеу қорытындысы бойынша Еуразия ұлттық университеті педагогтарды даярлайтын үздік университет болып танылды.
Загрузка...Саралау үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша жүргізілді: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері. Жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы 55% – ды құраған. Өткен жылы Еуразия ұлттық университетінің 21 білім беру бағдарламасы осы рейтингтің үздік үштігіне енгенін айта кеткен жөн.