Soft skills – заманауи білім берудің тренді

Гарвард пен Стэнфорд оқушының академиялық білімі оның одан әрі оқудағы, мансап құрудағы және өмірдегі жетістіктерінің 15% ғана деп санайды. Болашақтың дағдылары, цифрландыру, трендтер, soft skills – осы ұғымдар қазіргі адамдардың өмірінде барынша орын алып жатқаны бәрімізге аян. Президентіміздің айтуынша, бүгінгі таңда басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, өз эмоцияларын басқару, командада жұмыс істеу қабілеті бірінші орынға шығады. Қазіргі әлемде білімге қойылатын талаптар түбегейлі өзгерілуде, ғылымның әртүрлі салаларындағы білімді біріктіре алатын адамдар артықшылыққа ие болады.

Мектептер білімді біздің балаларымыздың басына белсенді түрде жеткізеді, бірақ оларға soft skills деп аталатын әлеуметтік дағдыларды үйретпейді – көшбасшылық, командада жұмыс істеу қабілеті, ұйымдастырушылық дағдылар және тағы да басқа. Қазіргі таңда soft skills туралы көп айтылады, сонымен қатар soft skills-ке деген қызығушылық және оларға деген қажеттілік күшейе түсуде.

Заманауи технологиялардың тез дамып келе жатқаны соншалықты, тіпті алынған білім өте тез ескіруде, сондықтан көп нәрсені үйренген адам емес, тез үйреніп, жаңа жағдайларға тиімді бейімделіп, стандартты емес шешімдер таба алатын адамдардың қызметі сәтті болады. Егер білім беру саласы үшін бүгінде робототехника, Lego-құрастыру және тіпті 3D-модельдеу сияқты құралдар түсінікті болса, қоғам талап ететін базалық дағдылардың келесі деңгейі-soft skills болып отыр.

Білім мен кәсіби дағдылар тез ескіреді, ал soft skills-ті өзіңмен бірге ала аласың. Компаниялар, бүкіл салалар тез ашылып, тез жабылып жатыр. Жасанды интеллект және басқа технологиялар қазірдің өзінде адамдарды алмастырып жүр және келешекте де солай жалғасады. Бұл дегеніміз адам өз өмірінде тек бір мамандықтың иегері бола бермейді, заман талабына сай қосымша мамандықтарды, жаңа әдіс- тәсілдерді, технологияларды да үйенеді, яғни өмір бойы білім алады.

Білім беру саласын дамыту аясында қарапайым және есте сақтауға ыңғайлы 4K моделін қолдану ұсынылған, олар краетивтілік, коммуникация, командалық жұмыс және сыни ойлау. Мұғалім тұлғасы және оның қазіргі қоғам талабына қаншалықты сай келетіні алдыңғы орынға шығады. Soft skills дамытуға және игеруге дайын педагогтармен ғана прогрессивті және бәсекеге қабілетті қоғам құруға болады.

Soft skills дағдыларды дамытуға қажетті жағдайды жасау үшін мынаны түсіну маңызды: қазіргі әлем қандай баланы күтеді, ол жақын болашақ әлеміне қандай қасиеттермен және құзыреттермен енеді, ол біз үйреніп алғаннан мүлдем өзгеше болатынын түсіну маңызды.

Айнур МУСКИНА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы Қостанай облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін ЖжГПОӘ кафедрасының
аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий