Биыл алты жүзге жуық мектептің жиһазы жаңартылып, 800-ге жуық мектеп кітапханасын жаңартумен қатар көркем әдебиетпен қамтамасыз ету жоспарланған

Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова биыл 600-ге жуық мектептің жиһазын жаңарту жоспарланып отырғанын айтты. Оның сөзінше, сапалы білім беру процесін қамтамасыз етудің шарты – жақсы материалдық-техникалық база. Сол себепті білім беру саясатында инфрақұрылымды жетілдіру ерекше маңызды.

– «Білімді ұлт» жобасының аясында 2 000-нан астам физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз ету жоспарланды. Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен «Орта білім: модернизациялау» жобасы аясында ауылдық жерлердегі 128 мектеп биология, физика және химия оқу кабинеттерімен жабдықталады, – деп атап өтті Гүлмира Кәрімова. Сонымен қатар биыл 600-ге жуық мектептің жиһазын жаңарту, 800-ге жуық мектеп кітапханасын жаңартып, көркем әдебиетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий