Жас ғалымдарға ғылыми зерттеу институттарының басшылық қызметіне тағайындалу тәртібі жеңілдей түсті
Жас ғалымдарға ғылыми-зерттеу институттарының басшылық қызметіне тағайындалу тәртібі жеңілдей түсті. Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Кұрманғалиева Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

28 қаңтарда Комитет 7 ҒЗИ басшылығы қызметіне конкурс жариялады. Құжаттар 11 ақпанға дейін (қоса есептегенде) қабылданады. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға арналған құжаттар тізімі бар барлық хабарландырулар Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған.
Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, соңғы өзгерістердің нәтижесінде ғылыми-зерттеу институттарының дамуы байқалады. Жетекші ғалымдардың жалақыларының базалық қаржыландыруға енгізіуі мен фундаменталды зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-лардың конкурстан тыс қаржыландырылуы, мемлекеттік қаржыландыру мерзімдерін 5 жылға дейін ұзарту ғылыми-зерттеу институттарының дамуына жаңа серпін береді. Мемлекет басшысы Жолдауында осы өзгерістердің қажеттілігіне ерекше назар аударды, – дейді ол осы жазбасының соңында.
Загрузка...