Алматы облысында 38 білім беру нысаны салынады

Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова «Jetisý Media» ақпарат алаңында ұйымдастырылған брифингте өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын облыстағы Білім саласына үлкен көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі де арта түскен. Мәселен, биыл Білім саласына 407,7 млрд теңге бөлінген, ал 2021 жылы 363,6 млрд, 2020 жылы 316,3 млрд теңе көлемінде болған.  Бөлінген қаражаттың 1,3 млрд теңгесі негізгі қорлар үшін, компьютер техникасын алуға – 207,2 млн теңге, оқулықтар алуға – 3,9 млрд теңге, пәндік кабинеттерге – 2 млрд теңге жұмсалады.

Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысы әр жыл сайын 25 пайызға өсіп отыр, арнайы санат бойынша төленетін төлемақы да артып отыр, – деді ол.  Облыстың бас ұстазы сапалы білімге қол жеткізу үшін алдымен  оқушыларға жағдай жасап, мектептегі орын тапшылығын шешу қажет деген ойын айтты. Өңірде апатты мектептердің мәселесі толықтай шешілді. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Панфилов ауданы Аққұдық ауылындағы апатты мектептің орнына 120 орынды жаңа мекетп пайдалануға берілді.

Оған қоса 2021 жылы Іле, Қарасай, Талғар, Панфилов, Ескелді аудандарында 8 мемлекеттік және 7 жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. Соның арқасында Іле, Қарасай және Талғар аудандарындағы үш кезекті білім беру мектептерінің мәселесі шешілді. Биыл Қарасай ауданындағы Үштерек ауылында 600 орынды спорт мектебі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, – деді Сүлейменова. 

2022 жылы өңірде 38 білім нысанының құрылысы басталады деп жоспарланған, оған 21,599 млрд теңге бөлініпті. 2021 жылы 18 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8,3 млрд теңге бөлінген. Биыл тағы 20 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге 10,8 млрд теңге бөлінген.  Біздің облыста 1392 мектепке дейінгі білім мекемесі бар, оның 189-ы мемлекеттік, 897-сі жеке меншік, 306-сы шағын орталықтар. Олар 109 125 баланы қамтып отыр, оның ішінде 95 278-і 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар.  2021 жылы 19 370 орынды 207 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Оның 202-сі жеке меншік, 5-уі мемлекеттік балабақшалар, – дейді басқарма басшысы. 

Биылғы жылы 38 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған.  Бұл нысандардың ішінде 31 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 ас блогы, 1 мектепті қайта құру, 1 лагерь, 1 колледж және 2 жатақхана бар. Жобалардың жалпы құны 21,599 млрд.теңге. Талдықорған музыкалық колледжінің 100 орындық жатақханасының құрылысы жүріп жатыр, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 112 орындық жатақханасын реконструкциялау жоспарлануда. Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында жаңадан салынып жатқан 30 орындық гуманитарлық колледж жатақханасының құрылысы туралы шарт жасалуда екен.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий