Жемқорлыққа жол жоқ!

Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық ол – жай ғана қылмыстық іс емес, сонымен қатар елдің экономикалық дамуы мен саяси жүйесінің жұмыс істеу көрсеткіші. Өмір тәжірбиесі дәлелдеп көрсеткендей жемқорлық – мемлекеттің тағдырына балта шабатын және өте қауіпті жағымсыз құбылыстардың бірі.

Жемқорлық – қоғам мүлкін талан-таразға салу, мемлекеттік қаржыны дұрыс пайдаланбау, парақолық, еңбексіз пайда табуға жол беру. Сыбайлас жемқорлықты жою бірде-бір мемлекеттің қолынан келген жоқ, алайда қоғамдағы жемқорлықтың шегін азайтуға болады. Бұл дерт бүкіл еліміздің дамуына экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз Біздің ел – ТМД халықтарының ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылдаған бірінші мемлекет.

Сонау ауыз әдебиеті шығармаларында да жан-жануар мен аңдардың іс-әрекеті арқылы жемқорлықтың кесапат,індет екенін әшкерелеп көрсетсе, бертін келе қазақтың бас ақыны Абай да, бай мен болыстардың пара алу істерін, екіжүзділігін сынап, халыққа парақорлықтың түбі қараңғы екенін ұғындырды. Жемқорлықсыз ел болсақ, біздің болашағымыз ұзақ әрі жарқын болары сөзсіз. Біріншіден, еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы өсіп-өркендейді.

Екіншіден, байлар мен кедейлер арасындағы алашақтықты жоюға мүмкіндік береді. Үшіншіден, қылмысты азайтып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тұншықтырып, олардың заңды қызмет жасауына ықпал етеді. Соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығы артып келеді. Ол мемлекет саясатының жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарының арқасында.

Электрондық жүйе де жемқорлықтың жолын кесті. Бұл жүйе арқылы деректердің жеделдігі, сенімділігі айқын қамтамасыз етілді. «Адалдық алаңы», «Адал ұрпақ» жоспары бойынша бірқатар іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Біздің білім шаңырағында осы ұйымға оқушылар ант қабылдап, мүше бола алады. Осы ұйымның жоспары бойынша іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Мектеп қабырғасында «Парасат бұрышы» ұйымдастырылған.

Онда жемқорлыққа қатысты өткізілген сынып сағаттар, театрлық қойылымдар, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы сурет байқауы, 7-11 сыныпқа арналған анонимді сауалнамалар, кездесулер, деректі фильмдер, «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы баяндамалар нәтижесі көрсетіліп, мәлімдеме берілген.

Патшагүл АЛМАҒАМБЕТОВА,
№181 ЖББМ директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий