Колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту: енді жүз жеті мың қазақстандық тегін оқи алады

Биылғы жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 1️⃣0️⃣ 0️⃣0️⃣0️⃣ орынға артады. 1️⃣0️⃣7️⃣ мың қазақстандық студент колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алады. Естеріңізге салайық, 9️⃣-сынып бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
– Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады, – деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірледі. Яғни бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырған болса, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінетін болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий