35 мыңнан астам ақмолалық оқушы шаңғы жарысына қатысты

Ақмола облысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, білім беру ұйымдарының оқытушы-техникалық персоналы арасында жыл сайынғы дәстүрлі «Лыжня зовет» фестивалі өтті. Іс-шара балаларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тартуға ықпал етеді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы. Жарысқа 38003 оқушы, 1109 техникалық персонал қызметкері, 17 аудан әкімшілігі мен оқытушылар құрамының 2147 өкілі және қалалардың екі командасы қатысты.

“Қыста көшеде мүмкіндігінше жиі болып, таза ауада спортпен шұғылдану керек, өйткені бұл үйдегі жаттығуларға қарағанда әлдеқайда тиімді. Қысқы спорт түрлері көптеген жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, денсаулықты нығайтады”, – деп толықтырды ұйымдастырушылар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий