Сапалы кадр мәселесін шешпей, білім сапасын арттыру мүмкін емес

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысындағы білім саласындағы мәселені көтеріп, Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың атына сауал жолдады, – деп хабарлайды осы төменгі палатаның баспасөз қызметі.

– Көтерілген мәселелер жергілікті атқарушы билік тарапынан дер кезінде шешілмей келеді. Халықаралық PISA тестінен аталған аймақ төмен көрсеткіштерге ие. Математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығынан елімізде 15 орында. Ал қала мен ауыл оқушыларының оқу сауаттылығындағы алшақтық – 27 балл. Бұл еліміздегі ең үлкен алшақтық. Аталған өңірде білікті педагогикалық кадрлар тапшылығы 2021 жылы 1563 ұстазды құрады. Сапалы кадр мәселесін шешпей, білім сапасын арттыру мүмкін емес, – деді Жұлдыз Досбергенқызы.

Сонымен қатар ол осы өңірдегі мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті. Осы ретте облыс әкімдігі барлық ауылдық, аудандық мектептерді заманауи деңгейде дамыту мәселесіне назар аударуы қажет. «Білім нысандарының құрылысы аймақтағы оқушы орнының тапшылығын шешпейді. Өткен жылы жоспарланған Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдық округіндегі 600 орындық мектептің құрылысы дер кезінде аяқталмады. 2025 жылдың 1 қаңтарына арналған оқушы орын тапшылығының болжамдық динамикалық өсімі 60 616 оқушы орнының тапшылығын құрайды.

Ал, Маңғыстау облысы 2025 жылға қарай өңірде 19 660 оқушы орнына есептелген 28 мектептің құрылысын жоспарлаған. Бұл қалған 40 мың оқушы орнының тапшылығын шешу үшін кем дегенде қосымша 20 мектеп салу қажет. Әкімдік мектеп салу мәселесінің шешімін тез арада қолға алуы қажет, – деді депутат.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий