Кәсіптік бағдар балабақша бағдарламасынан басталады

Санкт-Петербург қаласындағы беделді колледждің жобасына сәйкес біздің бөбекжайдың базасында инновациялық алаң ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Өйткені баланың тұлға болып қалыптасуында балабақшаның да үлесі бар. Кәсіби бағдар беру жобасы – осы бағыттағы маңызды қадамның бірі болып табылады. Жоба былтырдан жалғасын тауып, әдістемелік отырыста мақсат-міндеттерін айқындағаннан кейін әр топ, әрбір тәрбиеші өз жоспарларына жұмыстар енгізді.

Осы жоспарға енген жұмыстарын жарыққа шығарып, түрлі бағытта күнделікті сабақтарда қолдану үрдіске айналды. Меңгеруші жанындағы кеңесте мектеп жасына дейінгі балаларды кәсіби бағдарлаудағы жұмыстар анализ арқылы сараланып, мүмкіндіктер мен нәтижелер талданды. Жоба негізіндегі іс-шараларды жандандыру үшін жұмыстар жасалды. Балабақшаның барлық топтарында арнайы бұрыштар әзірленіп, материалдармен толықтырылды.

Әр топ бүлдіршіндерінің жасына, қабілеттеріне және жеке ерекшеліктеріне қарай мамандықтаңдаудың алғашқы қадамдарына көмек көрсету үшін бағытталған. «Баланы ерте жастан кәсіптік бағдарлау» тақырыбындағы дәстүрлі сауалнамаға барлық ата-аналар тұрақты қатысады. Кәсіптік бағдарға деген әр ата-ананың көзқарасы, пікірі сұралып, негізге алынды. Әр ата өз баласының өнерге, белгілі бір спорт түріне бейімдігін, болашақта баласының қандай мамандық иесі болатынын қалайтынын, осы бағытта қандай жұмыстар жасап жатқандарын ортаға салды.

Балабақша ұжымы да осы бағыттағы жұмыстарды жолға қою үшін іс-шараларды етілдіретінін, қолдау көрсетіп, ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын айтып қолдау білдірді. Әр топ өз жас ерекшеліктеріне орай бүлдіршіндірмен жұмыс жасауда. Кәсіптік бағдар негізінде тәрбиелеуде «Айгөлек» тобының тәрбиешісі Д.Балтабекова «Біздің сүйікті дәрігер» атты тәрбие сағатын өткізді. Негізгі мақсаты бала денсаулығын күтуге үйретумен қатар, дәрумендердің, дәрілік өсімдіктердің пайдасы және дәрігер мамандығын насихаттау, балаларға ұғындыру болды.

Дәрігер құралдары ойыншықтарын балалар пайдаланып, рольдерге бөліп ойнап, қызықты өткізді. Осы топтың тәрбиешісі Д. Нұрмұхамбет «Аспаздың ас мәзірі» деген тақырыппен тәрбие сағатын мазмұнды өткізе алды. Тағамдар даярлау, ондағы аспаздың қызметі, мамандықтың қызықтылығы жайлы айтылды. Балалар ас әзірлеуге араласып, көрнекіліктер арқылы аспаз жұмысымен жете танысты.

«Ақбота» тобының тәрбиешісі А.Дүйсенбаеваның да «Дәрігер – сүйікті мамандық» сабағы да – кәсіптік бағдарлауға бағытталған үздік сабақтардың бірі ретінде бағаланды. Мұнда да балалар дәрігер жұмысының қырларымен танысып, ойыншық және шынайы жабдықтарды пайдалана отырып, біраз мағлұматтар алды. Осының бәрі жас бүлдіршіндердің белгілі кәсіпке ынта-қызығушылығын арттырып, болашақта мамандық таңдауға септігін тигізері сөзсіз.

Тәрбиеші Ә. Кенжеғалиева әлеуметтік сала бойынша қоршаған орта оқу іс-әрекетінен «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты ашық сабақ өткізді. Мұнда әр түрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарына виртуалды саяхат жасап, балаларға бағыт – бағдар берді. Кәсіп иелерін құрметтеуге, үйренуге, ересектердің жұмысын білуге және оларға еліктеуге үйрететін ашық сабақ та өз мақсатына жетті.

Сол сияқты балабақша психологы Қ.Махамбетова ересек топта «Мамандық таңдау» треннингін өткізіп, нәтижесі меңгеруші жанындағы кеңесте тыңдалды. Балабақша педагогтарының барлығы осы бағытта айқын мақсат қойып, іс шаралар кешенін үнемі жүзеге асыруда.

Гулим СЕЙТКАЛИЕВА,
«Қаламқас» бөбекжайының меңгерушісі,
Қостанай облысының Амангелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий