Жаңашыл көшбасшы әрі білікті ұйымдастырушы

1991 жылы еліміздің тәуелсіздік алуы шетелдегі қандастардың атамекенге қайта оралуына даңғыл жол ашты. Ата баба қаны тамған тарихи отанына алғаш оралған қандастарымыздың бірі Талғат Мамырұлы болды. Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағында (10. 01. 1961 ж) дүниеге келгенген ол 1977 жылы Дөрбілжің ауданындағы орта мектепті үздік бітірген соң Шыңжаң университетіне оқуға түседі.

1983 жылы осы оқу орнын «электроника-информатика» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап, сол университеттің өзіне оқытушылық жұмысқа жолдама алып, ассистенттен доцентке дейін ұстаздық жолдан өтті. Жиырма жеті жасында ең жас кафедра меңгерушісі болды. 1989—1990 жылдар аралығында Шанхайдағы Фу Дан университетіндің аспирантурасында оқиды. Университет басшылығы Талғат Мамырұлын болашағынан зор үміт күттіретін жас ғалым ретінде АҚШ –қа докторантураға жіберудің жоспарына енгізіп, тек кезегін күтіп отырған еді.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезде ол Америкаға емес, бірден атамекенге қайтуға бел байлап, 1993 жылы осында көшіп келді. 1993-1997 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының информатика институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасағанымен қиын-қыстау кезеңде кейіпкеріміз амалсыздан кәсіпкерлікпен айналысқан болатын. Шағын бизнесінен табысты нәтиже шығарып, алдағы армандарын біртіндеп жүзеге асыруға керекті тәжірибе мен қор жинады.

Сонымен ойға алған мақсатын жүзеге асыруға батыл қадам жасады. 2004-2008 жылдар аралығында Америка Құрама Штатындағы Аризона штатының Солтүстік-Орталық университетінде (North central University) докторантурада сырттай оқып, «Бизнес әкімшілік Докторы» (DBA) атағын алды. Ол республикалық және шетел басылымдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми-зерттеу мақалаларының, монографиялардың авторы. Қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген.

Талғат Мамырұлының ата мекенге оралғаннан кейінгі қызметінің негізгі бағыты — ғылыми зерттеу, оқу-ағартушылық, білім беру және кәсіпкерлік салаларынан тұрады. Білім беру саласындағы көп жылғы тәжірибелері мен ізденістерінің нәтижесінде отандық кәсіби техникалық білім беру жүйесіндегі инновациялық жоба Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ірге тасын 2005 жылдан бастап қалап, 2007 жылы лицензия алды. 2008 жылы алғашқы 67 студентін қабылдап, тыңға түрен салды.

Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжін құру парасатты педагогтың саналы ғұмырындағы жарқын белестердің бірі болды. Білімі мен білігін, өмірлік тәжірибесін өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнады. – Әрине, бұл ең алдымен тәуелсіздік арқылы жүзеге асты, дербестік үшін тер төгу, еңбек ету маңдайыма жазылды, бұл менің бақытым, – дейді ол тебірене сөйлеген сөзінде. Содан бері 15 жылдай уақыт өтіпті.

Бүгінге дейін жеті мыңнан аса жастар сапалы білім алып, халықаралық бәсекеге қабілетті мемлекеттік тілге жүйрік, ағылшын, қытай тілдерін жетік меңгерген бәсекеге қабілетті білікті мамандар ретінде даярланып шықты. Олар еліміздің еңбек нарығында белсенді еңбек етіп, ел экономикасын дамытуға халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттің мүддесін мықтап қорғай алатын жаңа буын патриот тұлғалары ретінде қалыптасып, республиканың барлық аймағында әр салада бойынша сүбелі үлестерін қосуда.

Биыл асқаралы алпыс жасқа толып отырған жаңашыл көшбасшы және білікті ұйымдастырушы атануымен әріптестері арасында абырой мен құрметке ие болған мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, алдағы алар асуы мен шығар биігі көп болуы үшін мықты денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

Алтынай ЕРҒАЗИНА,
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі
директорының оқу-әдістемелік жұмысы
бойынша орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий