Шежірелі білім ордасы

Қызылорда аграрлық техникалық колледжі ҚР Министрлер кабинетінің (08. 05. 1997 ж, №814) қаулысымен Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды. 2003 жылы Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтың есімі беріліп, 2017 жылы жоғары колледж мәртебесін иеленді.

Колледж 1800 оқушыға арналған 2 оқу ғимараты, 200 орындық жатақханасы, 2 спорт залы, 1 тренажорлы атлетикалық залы, 150 орындық асханасы және 200 орындық акт залы, қазіргі заман талабына сай электронды құралдармен жабдықталған мәжіліс залы, РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайтын, электронды оқу залы жабдықталған кітапханасы және 99 оқу кабинеттері мен зертханалары интерактивті тақтамен, компьютерлік құрылғылармен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылған оқу орны.

Колледжде барлығы 40 мамандық бойынша білім беру лицензиясы алынған. Заман талабынасай нарықтық сұранысқа ие құрылыс, энергетикалық, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, сандық техника мамандықтарына басымдық беріліп отыр. Дуалды оқыту жүйесіне «Шыны талшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі» мен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Ветеринария» мамандықтары енгізіліп, бүгінде барлығы 119 студент білім алуда.

2020-2021 оқу жылынан бастап колледжде «Мансап және кәсіби бағдар беру» орталығы ашылып, жұмыс берушілер жайлы мәліметтер базасы дайындалып, бітіруші курс студенттерінің түйіндемелерінің электрондық базасы жасақталды. «Табысты түлектер» тақырыбында кездесулер студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында мамандар жәрмеңкелерін, жұмыс беруші компанияларының презентацияларын ұйымдастыру осы орталықта іске асырылады.

Студенттерді кәсіптік машықтанудан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда механикалық заводы «Квант» ЖШС-мен келісім-шартқа отырса, білікті мамандар даярлау және материалдық- техникалық базаны нығайту мақсатында Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, оқу-ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырылып, қарқынды жұмыс жасалуда.

Құлан ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария», Қазалы көлік-техникалық колледжінің «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойынша Халықаралық Даму банкі бөлген гранттарға алынған зертханалық оқу жабдықтарын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісім-шарт жасалып, жыл сайын оқытушылар мен студенттер іс-тәжірибеден өту үрдіске айналған.

КЕАҚ “Талап” ұсынған жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары негізінде оқытылатын жаңа бағдарламалар мен жоспарлар өндіріспен бірге жасалады және нарық сұранысына қажетті арнайы пәндердің мазмұны мен көлемін жұмыс берушілердің пікіріне сай өзгерте алады. «Жас маман» жобасына қатысып, 4 мамандық бойынша оқу лабораториялары мен оқу кабинеттерін жабдықтауға республикалық бюджеттен 323 миллион теңге бөлініп, жаңа, заманауи үлгідегі кабинеттер жасақталып, жұмыс жасауда және «Электр құрастырушы» біліктілігі бойынша құзіреттілік орталығын аштық.

Бахытхан АБДИКАРИМОВ,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий