Ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы үдеріс

Педагогиялық тәжірибе өзектілігі оқыту немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Оқутыдағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек.

Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет деп ойлаймын. Тәжірибенің жетекші педагогиялық идеясы – сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігіне дәлелдер бар. Олар: оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек. Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сабақтарымда белсенді оқу стратегияларын тиімді қолдануы оқушының кез келген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етемін. Сондықтан белсенді оқыту стартегияларын іс – тәжірибемде қолданамын.

Қай сыныпта болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты. Білім беру жүйесінде күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыс істеуінде ең алдымен оқушыларға дұрыс нұсқау беремін. Оқушылардың ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдармауына жағдай жасаймын.

Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесінен құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттілігінен және оқытушының білімге қызығуынан туындайды. Ал, белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс – қимыл әрекеттін нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету.

Менің мақсатым: тақырып бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат алуға жетелеуі арқылы нәтижеге жетуге ықпал жасауымда. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады.

Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрайды. Интербелсенді – дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету. Оқыту мен оқу процесінде мұғалімнің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігі оқушылардың білім алуында нәтижені көрсете алатындай тұлға ретінде қалыптастыру.

Зоя БАЙМҰҚАНОВА,
№4 орта мектептің қазақ тілі мен
қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий