STEP BY STEP: Жаңа технологияны балабақшада қолдану
Қазіргі технологиялардың жан-жақты тараған түрінің бірі «Step by Step» технологиясы. Баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық орта дегеніміз – балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған зат-кеңістік ортасы; ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.
Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді.
Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға, дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстары, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
«Step by Step» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінде балаға өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Балалар өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Жұмыстың не тапсырманың қызықты түрлерін жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші матиалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, немесе жеке балаға бейімдеп өзгеруіне болады.
Тәрбиеші әр баламен жеке жұмыс жүргізу үшін топтық жұмыстарды шағын топтарға бөліп өткізуі тиімді болып табылады. Міне осылай оқытудың баланың өз деңгейінде дамуы мен өсуіне жағдай жасайды. Дамытушы орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, қызықты, әр түрлі, көп қызметті, варитивті қызмет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс. Тәжірибе жасап зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді.
Тәжірибе білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауғажәне түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілеттерінің дамуын, технологиямен жұмыс жасайтын топтардағы жағдайдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету керек.
ҰОҚ-де қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым, өнер, ойын және математика орталықтары жұмыс жасайды. МДҰ-да алдағы уақытта, өткенді жаңғыртып, қазіргі білім жүйесі талап етіп отырған оқытуды жаңаша ұйымдастыруда «Step by Step» технологиясын кеңінен қолданса, оқыту мен тәрбилеуде мектеп жасына дейінгі балаларды және олардың ата-аналарын оқу үрдісне тарта отырып жұмыс жасалса, нәтиже бағдарланған білім алған, бәсекеге қабілетті, құзіретті жаңа заман тұлғасы шығатыны сөзсіз.
Гүлбақыт СМАҒҰЛОВА,
Туберкулез ауруына қарсы санаторлық
түрдегі «Нұр» балабақшасының» әдіскері,
Ақтөбе облысының Қобда ауданы