Назарбаев Зияткерлік мектептеріне құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022–2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау мерзімінің 2022 жылғы ақпан айының 26-ына дейін ұзартылды, деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Конкурс өткізу мерзіміне өзгеріс енгізілмейді, конкурс 2022 жылғы 14–15 сәуір күндері өткізіледі. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Үміткерлерге» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий