Балалардың психикалық денсаулығын нығайтудың жолдары

«Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніндегі балалардың психикалық денсаулығын нығайтудың жолдары»  тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледім. Өз сөзімде ол Қазақстанның барлық облыстарынан көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан келген балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету барысында жасалатын жұмыстар туралы мағлұмат бердім.

Баланың психикалық саулығын нығайту мақсатында дәріс сабақтар, логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған психологиялық ойындар және  тренингтер жүргізіліп отырады. Әрбір тренинг балалардың топта коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге, бір біріне мейірімділікпен қарауға, ұйымшылдықты арттыруға көмектеседі. Тренинг барысында арттерапия, музыкатерапия, ертегі терапиясы, би терапиясы қолданылады.

Аталған терапиялар баланың жан дүниесінде үйлесімділік орнатуға, психикалық жай күйінің қалыпқа келуіне әрі шығармашылық қабілетін шыңдауға әсер етеді. Балалардың  индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты жеке консультациялық және психокоррекциялық жұмыстар жүргізіліп отырады. Бұл орайда мандалатерапия, «кактус», «әңгімелесу» және «отбасы әдістемелері» қолданылады.

Бұл баланың бойындағы қорқыныш және мазасыздық сезімінен арылуына, психикалық жай күйінің қалыпқа келуіне және жеке консультацияның нәтижелі болуына зор ықпал етеді. Жеке жұмыс жүргізген балалардың ата-аналарымен де байланыс орнатып, консультация барысы, нәтижесі хабарланып отырады.

Ақпан айынан бастап ай сайын ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Балаңызбен тіл табыса білесіз бе?» тақырыбында онлайн психологиялық тренинг өткізіліп отырады. Бұл ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, баласымен достық қарым-қатынас орната білуге әсер етеді.

Ұлпан Талғатқызы ТӘЖІБАЕВА
«Бөбек»  ҰҒПББС орталығының психологы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий