Жыл сайын отандық ғылымдағы әйелдер саны артып келеді

Жыл сайынғы ақпан айының 11-і күні әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні атап өтіледі. Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар. Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын. Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды. Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті. Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды.
Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын. Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін!, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы кезекті жазбасының соңын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий