Қазақстандық университеттегі ең жас әйел – проректор

Темербаева Айжан Маратқызы – қазақстандық ғылым саласындағы ең жас әйел – проректор. Ол – Қарағанды техникалық университетінің провосты. Айжан Темербаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Назарбаев университетінде, Нью-Йорктегі Колумбия университетінде оқып, 30 жасында үш мәрте магистр дәрежесін иеленген, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Ғалымның диссертациясының тақырыбы қазақстандық жоғары оқу орындарында ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Сондай-ақ ол – жас ғалымдар альянсын құрушылардың бірі. – Мен үшін докторлық бағдарламаларды насихаттау маңызды. Шетелде PhD докторлары 100% зерттеу әдәстемесін меңгерген адам болуы керек, тиісті халықаралық деңгейде зерттеу жүргізе алатын және еңбектерін әлемдік журналдарда жариялай алатын мүмкіндігі болуы тиіс. Қазіргі таңда ғалымдарға әлеуетін арттыруға заңнамалық және материалдық тұрғыда жақсы жағдай жасалып жатыр. Отандық ғылымды дамытуға үлесімді қосқым келеді, — деді Айжан Темербаева.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий