“Бәйтерек” – бақытты балалар ортасы

“Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында біз үнемі кері тартпай, ашық болу, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, басқалардың озық жетістіктерін қабылдау, біз үшін табыс кілті, – деп атап айтылғаны белгілі. “Болашаққа бағдар” бағдарламасында біз алдымен сапалы білімге қол жеткізуіміз керек. Тәуелсіз еліміздің көк туы желбірегеніне отыз жылдан асып барады. Азат мемлекетіміздің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениет әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп келеді.

Қиын кезеңдерді артта қалдырып, болашаққа үлкен үмітпен қарап, әлемдік саясатта бейбітшілік пен татулықты, жалпы адамзаттық құндылықты жалау етіп ұстанған дербес саясат халық үмітін жігерлей түсті. Мемлекетіміздің өркендеп дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар, олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Әсіресе, қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан әлемге балбөбек шақтан заман ағысына төтеп бере алатын жеке тұлға болып қалыптасуға балабақша ұясы үлкен септігін тигізетіндігі рас.

«Бала – бақыт, бала нұр» демекші, бүгінгі мәпелеп бағы үшін аянбай тәлім-тәрбие беріп, өсіп жатқан бүлдіршін-балғындарымыз егеменді еліміздің болашағы. «Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Тебай Рашида еңбек жолын «Звездочка» балабақшасында қазақ тілі маманынан бастады. 2002-2011 жыл аралығында Қарағанды қаласындағы «Жұлдыз» балабакшасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бөбектерге білім мен тәрбие беру  жұмысында тынбай жұмыс жүргізудің арқасында ұядай болған балабақшаны жарқыратып, ішін бөбектердің күлкісіне толтырды.

2011 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласы «Астана» шағын ауданында «Бәйтерек» балабақшасы бөбектерге есігін айқара ашты. Балабақша кілтін Рашида Үмбетқызына облыс әкімі салтанатты түрде табыс етті. Отбасында екі бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырған аяулы ана, асыл әже. Қазіргі таңда өзінің білімділігімен, жан-жақты іздемпаздығымен бала тәрбиесіне өз үлесін қосып, тынбай еңбек етіп келе жатқан білікті басшы.

Ұжымның басты мақсаты – Қазақстан Республикалық мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, білімге бейім, жан-жақты дамыған, салауатты өмір салты ұстанымын жанына жақын тұтар, дені сау, мектепке тұлға тәрбиелеу. «Бәйтерек» бөбекжайы жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру мен құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыруды көздейді.

Тебай Рашида Үмбетқызы

«Бәйтерек» бөбекжайы 2014 жылдан бастап Сара Назарбаеваның авторлық жобасы республикалық «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша  пилоттық жобада болды. Ал 2018 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымына енгізілді. «Өзін-өзі тану» адамгершілік- рухани білім бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы «Рухани-кәусар бұлаққа барар жолды іздеу – әр адамның міндеттерінің бірі» деп атап айтқан.

Әр адам өзінің айналасындағы адамдардың бойындағы рухани-құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді бағалай білсе, ол адам өзін-өзі тани біледі. Осы жылдар арасында өткізіліп жатқан барлық  ұйымдастырылған оқу-қызметтері, іс-шаралар, семинар, вибенарлар, конференциялар рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген. «Тәрбие тал бесіктен» дегендей адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіру басшымыздың басты ұстанымы. Балабақша ашылған күннен бастап, оқыту мен тәрбие беру үрдісінде атқарылған іс-шаралар педогогтермен бүлдіршіндердің жетістіктерімен әйгілі.

Зибагүл Ныгыметова

Педогогтерді ізіне ертіп, бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беріп, жас мамандарға үлгі болып, ұжымға жол көрсетіп алда тұрған міндеттерді абыроймен жүзеге асыруда бар күшін салып, 40-жыл педогогика саласында қызмет жасап, мектепке дейінгі білім беру ұйымында бүлдіршіндерге оқыту мен тәрбиелеуде өз үлесін қосып келе жатқан Рашида Ұмбетқызының еңбегі ерекше. «Бәйтерек» балабақшасының гүлденіп көркейуі, ұжымның ауызбіршілігі мен шығармашыл талабы, білікті басшының арқасы.

Балаларға білім мен тәрбие беру жұмысында тынымсыз жұмыс жүргізудің барысында біздің бүлдіршіндеріміз бірнеше халықаралык, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары. Бұл әрине балабақшаның жеткен жетістіктері. Бүлдіршіндердің күлкісімен қуанышына толған «Бәйтерек» бөбекжайына желтоқсан айында 10 жыл толады. Білім беру саласында Рашида Ұмбетқызының жеткен жетістіктері біршама.

Бірнеше ғылыми әдістемелік бағдарламалардың авторы, республикалық, облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен және 2021 жылдың қазан айында елордасында өткен «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру ұйымының кеңесінде «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік бағдарламасын жүзеге асыру барысында, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруде «Әлемге махаббатпен» төс белгісімен марапатталды.

Халықаралық «Лучшие люди – лучшие в образовании» энциклопедиясына енді. Талапшыл басшының өз жұмысының тиянақтылығы, жауапкершілігі, ұйымдастырушылық қабілеті бір төбе. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» дегендей, бүгінде биік белестерді бағындырып, мамандығына деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде көп жандарға үлгі болып биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жеткен «Бәйтерек» бөбекжайының директорына әріптестерінің құрметі ерекше. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ол ертеңгі жарқын болашақ. «Бәйтерек» бөбекжайы талай белестерді бағындыратынына сеніміміз мол. Бөбекжайымыз балалардың күлкісіне толы болсын.

Зибагүл НЫГЫМЕТОВА, 
«Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері,
педагогика ғылымдарының магистрі,
Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий