Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне арналған әдістемелік семинар

Тұран-Астана университетіндегі педагогика және психология кафедрасының педагогика ғылымы докторы, профессор Баубекова Замира Джураевна мен  Нұр-Сұлтан қаласы, №14 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог – шебер, тәлімгер Калыкова Тлектес Жубаевнаның  бірлесуімен  «Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинарда  педагогтардың шеберліктері  олардың педагогикалық үдерісте жоғары нәтиже көрсетуінде  екені айтылды. Бүгінгі таңда қоғамға құзырлы, ізденімпаз, ізгі, шығармашыл, тұлғаны сүйетін, тәрбиелеп және дамытатын шебер педагогтар қажет болып отырғаны сөз болды. Жоғары оқу орнындағы аталмыш кафедраның педагогика ғылымының докторы, профессор Баубекова Замира Джураевна педагогикалық шеберлікті меңгеру үшін педагогикалық заңдылықтар мен тәрбиелеу үдерісін  біліп, оқу-тәрбиелеу үдерісінде диагностикалау, болжау және үдерісті жобалау керек екендігіне тоқталды. 

Педагогикалық әрекеттерді қалай жүзеге асырып жүрмін? Мен қандай педагогпін? Технологияларды іздеу, әдістерді, озық тәжірибелерді зерделеу, біліктілікті көтеру барысында мен не істедім және не үшін істедім? Оқушылар мен өзімнің қызығушылығым (шығармашылығым)  қандай?  деген сұрақтар бойынша педагогикалық шеберлікке жету жолдары көрсетілді.

Сонымен қатар семинарға педагогика ғылымының кандидаты, доцент Б. Жиентаева, доктор пейджи С. Аубакирова, педагогика ғылымының магистры О. Исмаил қатысып, психология ғылымының кондидаты, профессор С. Жантикеев педагогика ғылымының кандидаты, доцент Н. Иргебаева өздерінің баяндамаларын оқып, ойларымен бөлісті.

№14 мектеп-гимназия директоры О. Надеин педагогикалық салада ғалымдар мен педагогтердің практикалық қауымдастығы әрқашан жоғары нәтижеге жеткізгенін және жеткізетінін айта келіп, өз ризашылығын  білдірді. Мұғалімдердің оқушыларды және өз кәсібін шынайы сүйгені –  оқушылардың білімдерін дамытқаны, жоғары нәтижеге қол жеткізгені, оқушылардың жүрегіне жол тапқаны деп ойлаймын …

Айслу Габденовна СЫЗДЫКОВА,
№14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі, тәлімгерлер
жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий