Шығыс Қазақстанның биолог-студенті асфальтты жарып өсетін шөптің көпшілікке беймәлім бірегей емдік қасиеттері туралы айтып берді

Amanzholov University биолог студенті Гүлжан Әсет асфальттың өзін жарып өсуге қауқарлы, күн райының түрлі жағдайларына шыдас беретін өсімдіктің түрлі ауруларға ем бола алатындығын айтты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің “Биология” мамандығының түлегі Гүлжан Әсет – “Үздік жас ғалым – 2021” медалінің иегері, бірде-бір студент қолға алмаған ғылыми жобалар туралы ой бөлісті. Олардың алғашқысы – «Жатаған теміртікенің (TRIBULUS TERRESTRIS L. SP. PL.) биологиясы және маңызы», – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

«Теміртікен өсімдігі барлық жерде өседі, біз оны көрсек те, оған назар аудармаймыз. Мені олардың шыдамдылығы қызықтырды. Әсіресе, температураның күрт төмендеуі мен ыстық климаттық жағдайларға төзімді. Осыған байланысты олардың сабағы басқа өсімдіктерге қарағанда сәл қалың. Мен оларды екі жылға жуық зерттедім. Әрине, ғылымда өсімдіктердің бұл түрі бар екендігі белгілі, бірақ оған ешкім терең үңіле қойған жоқ. Студенттер бұл ғылыми жобаны қолға алмады. Қазір гербарий мен фиксация жасадым», – дейді биолог-студент Гүлжан Әсет.

Гүлжанның айтуынша, медицинада теміртікеннің кеңінен қолданылмайды, өйткені барлығы химиядан жасалған дәрі-дәрмектерге үйренген. Алайда, бұл өсімдіктің әртүрлі ауруларға арналған көптеген емдік қасиеттері бар, – дейді биолог студент. Мысалы, ол құлақ, көз ауруларын, жүрек-тамыр жүйесін емдейді. Әсіресе дерматологияда, сондай-ақ тестостерон деңгейінің төмендеуі мен жоғарылауында пайдалы. 

«Болашақта отандық дәрі-дәрмекті теміртікен өсімдігінен шығарғым келеді. Ең алдымен мен оны өзіме сынап көремін. Бала кезімде құлағым мазалап ауырған еді. Уақыт өте келе жазылды, бірақ тұмау мен суық кезінде ауру қайта пайда болады. Мен өз өндірісімнің тұнбасын жасап, оны өзіме сынап көргім келеді. Бұл маған суық кезінде құлағымның ауырсынуынан құтылуға көмектесетініне сенімдімін», – деді Гүлжан Әсет.

Жас ғалым ұсақталған теміртікеннің тұнбасын қуат пен өнімділікті арттыратындығын жеткізді. Бірақ қолданар алдында арнайы мамандармен кеңескен дұрыс. Сонымен қатар, биолог бұл өсімдік өнеркәсіптік қалаларда улы екенін және оны қолдануға болмайтындығын мәлімдеді. Жас биолог тағы бір жобаны қолға алып, зерделеуде. Жарты жылдан бері эфемерлер мен эфемероидтар сияқты өсімдіктерді зерттеу үстінде. Жоба «Қазақстанның эфемерлері мен эфемероидтарының түрлік құрамы және ерте көктемде гүлдейтін ашық құндызшөптің құрылысы» деп аталады. 

«Эфемерлер жылына екі апта ғана өседі. Эфемероидтар көпжылдық, бірақ сонымен бірге қысқа өсу маусымын ескеруіміз керек. Қолайлы жағдайлар туындаған кезде олардың өмірі қайта басталады», – деп түсіндіреді Гүлжан Әсет. «Алдымен диссертациялық жұмыс үшін “шөңгебас” өсімдігін алғым келді. Мен кеңес алу үшін жетекшіме қоңырау шалдым. Ол маған бұл өсімдік эфемерлерге жататынын түсіндірді және осы бағытта зерттеуді ұсынды, өйткені олардың өмірлік циклі өте қысқа. Сондықтан мен бұл тақырыпты мүмкіндігінше тереңірек зерттей бастадым. Қазақстанда бұл тақырыпты әлі бірде-бір студент диссертация үшін алған жоқ. Маған бұл тақырып үлкен ғылыми жұмысқа ұласуы мүмкін екені айтылды».

Гүлжанның айтуынша, ғалымдар өсімдіктердің бұл түрін тек теория жүзінде зерттеген, бірақ тәжірибе түрінде зерттеуді ешкім қолға алынған жоқ. Енді биолог қар ерігенін күтуде. Гүлдеу кезеңінде Гүлжан зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алады. Гүлжан өзі Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Анасы Гүлстан Боранханова хирургия бөлімінің медбикесі, ал әкесі Нұржан Қатарбаев зауытта қызмет етеді.

Биологияны зерттеуге деген сүйіспеншілік мектеп жылдарында пайда болды. Бала кезінде мұғалімнің дәрістерін тыңдады, интернет-ресурстарда бейнероликтерді қарады, жануарлар, бактериялар мен вирустар әлемі туралы кітаптардан оқыды. Мектеп бітіргеннен соң Гүлжан университетке түсу туралы ойлана бастады. 

«Мектеп бітіргеннен кейін мен төрт жыл ішінде жақсы білім алғым келді. Іздене бастадым, түрлі университеттерді қарадым, интернет беттерін ақтарып отырып С.Аманжолов атындағы ШҚУ туралы мәліметті көзім шалды. Мен бағдарламалар туралы оқыдым, “Серпін” және “Академиялық ұтқырлық” бар екендігі мені қатты қызықтырды. Мен ғылыми өмірмен университет қабырғасында тығыз айналыса бастадым, оған өте қуаныштымын», – деді Гүлжан.

Оның басты мотиваторы әрқашан әкесі болды. Моральды тұрғыдан қолдап, үнемі сенім артатын ата-анасына Гүлжанның айтар алғысы зор. «Адамдардың риясыз, қызғанышсыз, кез-келген іс-әрекетте, кез-келген жағдайда Сізге көмектесетін және қолдау көрсететін белгілі бір адам бар екендігі қандай бақыт. Мысалы менің әкем әрдайым маған демеу. Әр адамның шығар өз шыңы бар. Студенттер бос уақытын пайдалы өткізгенін, біздің артымызда да тағы бір ұрпақ бар екенін түсінгенін қалаймын. Біз олар үшін үлгі болуымыз керек. Ең бастысы, келесі ұрпақ білімді болуы керек», – деп атап өтті биолог-студент.

Гүлжан Әсет өзінің басты арманын көпшілікке жария етуден аулақ. Ішкі түйсігіне сенетін қыз өззіне сенімді. Ол 20 немесе 30 жылдан кейін кім болатынын нақты біледі. Кейіпкеріміз көп сөзбен емес, іспен дәлелдеуді дұрыс санайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий