“Зерде” республикалық шығармашылық байқауы: Ақмолалық оқушы бас жүлдені жеңіп алды
Бурабай ауданындағы Шучье қаласында орналасқан “Балдаурен» республикалық ғылыми-практикалық орталығының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Конкурстың негізгі мақсаты – зерттеулік әдептің дағдыларын жетілдіру және зерттеулік әдістерді дамыту арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушылары тұлғалығының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады. Шығармашылық байқауда біздің аймақтың намысын 27 жобамен 29 оқушы қорғады. Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, облыстардан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен 450-ден астам оқушылар қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша жүргізілді. Жүлдегерлер 2-4 (кіші жас тобы) және 5-7 (үлкен жас тобы) сыныптардағы жас топтары бойынша анықталды. Республикалық байқаудың Гран-при иегері «Химия, биология» секциясы бойынша Қажмұқан Ерасыл атанды – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы бойынша Сандықтау, Бурабай, Аршалы, Атбасар ауданы, Көкшетау қаласы және тағы да басқа мектептердің оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар I,II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ грамоталармен марапатталды. Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!
Загрузка...