“Өзін – өзі тану” оқу – сауықтыру кешеніндегі “Өзін – өзі тану” пәнінің маңызы

«Бөбек» ҰҒПББС орталығы жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім алуға, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеп дамытуда. Орталықтағы «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің басты мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын толық адамды тәрбиелеу. Тіпті Абай атамыз өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл-ойды сақтайтын қойма – адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас».

Ал, тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осыған түрткі болатын «Өзін – өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніндегі әр сабақта қолданылатын тәсілдер: тыныштық сәті, әңгімелесу, шаттық шеңбері, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау, ой толғау, шығармашылық кештердегі сахналау, сергіту сәті, ойындар, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке тағы да басқа балалардың өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Әсіресе, ойын барысында еркін отырып, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шешіп білуге, бірін-бірі тыңдауға үйрету өз нәтижелерін беруде. «Бөбек» орталығының «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде Қазақстанның түпкір түпкірінен  келген балаларға  іс-шаралар, шығармашылық  жұмыстар өткізіледі. Келген балалардың  шығармашылық жұмысқа  деген қызығушылықтары өте жоғары, барлық іс – шараларға балалар белсенділікпен қатысады.

Іс-шараларда тәрбие көзі болатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың  ұлағатты сөздері, ақын-жазушылардың өлеңдері оқылады. Өткізілген іс-шаралардың балаларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде, шығармашылыққа баулуда, өзіндік ой пікірін қалыптастыруда, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруда, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерген ұрпақ тәрбиелеуде алатын ролі орасан зор.

Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарыту барысында «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік пәнінің «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешеніндегі алатын орны ерекше.

Бағдат Жанабековна ТІЛЕПОВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану»
оқу-сауықтыру кешенінің тәрбиешісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий