“Жас маман” жобасы – кәсіби дамудың негізі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай, «Жас маман» бағдарламасы аясында Қарақия кәсіптік колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – қазіргі қоғамдағы сұранысқа ие білікті мамандарды әзірлеу. “Жас маман” жобасы бойынша материалдық техникамен жабдықтау, шетелдік әріптестерді тарту, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Яғни, жүз дегеніміз қазіргі күні еңбек нарығында сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық болса, сол 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғыртып, халықаралық стандарт талаптарына сай мамандар әзірлеу. Салтанатты жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, аймақтағы жобалық офисінің жетекшісі, өңірлік оқу әдістемелік орталығы педагогтерінің қызметін үйлестіру бөлімінің жетекшісі, «Westoilsoftware» ЖШС-і директорының орынбасары, облыстағы “Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары және де Атырау, Маңғыстау облысы колледждерінің өкілдері қатысты.
Басшымыз Далабай Орынбасарұлының бастауымен өткен салтанатты жиын өте жоғары деңгейде өтті. «Westoilsoftware» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі және Атырау облысының бірнеше колледждерімен меморандумға қол қойылды. Құрметті қонақтар құзіреттілік орталық жұмысымен, оның ішінде 10 шебер сынып пен құрал-жабдықтар көрсетілімі мен танысты. Автомобиль дискілерін түзетуге арналған стенд.
Жүріс бөлік шеберханасы Каримов С; Индукциялық қыздырғыш. Шанақ жөндеу шеберханасы Бекназаров М; Споттер. Шанақ жөндеу шеберханасы Сабытай С; Автомобиль қозғалтқыштары; Автоматты беріліс қораптары. Жүріс бөлік шеберханасы Бақыт Н; Автоэлектр жабдықтарын жөндеуге арналған стенд. Автоэлектрик шеберханасы Смағұлов С; Автомобиль диагностикасы Автоэлектрик шеберханасы Смағұлов С; Виртуалды оқу-жаттығу стенді Оқу-жаттықтыру шеберханасы Қыдырқанов А; Автомобиль қозғалтқышының бастиегінің герметикалығын тексеруге арналған стенд. Қозғалтқыш жөндеу шеберханасы Бақыт Н; Спектрофотометр Шанақ жөндеу шеберханасы Нұрханов Е; Дизелді қозғалтқыштардың ЖҚОС және бұрқақтарын реттеу стендтері. Құлмұрзаев Е.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі жастарға кәсіптік-техникалық білім беру. Осы орайда “Жас маман” жобасының артықшылығы – ең қажетті мамандықтарға басымдық берілуі. Яғни қазіргі сұраныстағы мамандықтарды сапалы етіп шығаруға ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті маман даярлау бойынша оқыту жоспарларының барлығын жандандырып, өзгертіп жатқандарын жеткізді. Қазақстан экономикасын дамытатын, елді алға жетелейтін білікті де іскер мамандарды дайындап шығуымыз керек.
Айнур Сисенбаевна САБИЕВА,
Қарақия кәсіптік колледжі басшының
оқу ісі жөніндегі орынбасары, Маңғыстау
облысының Ақтау қаласы