Құқық бұзушылықтың алдын – алуда үштік одақтың өзіндік рөлі

“Балаларды тәрбиелей отырып, елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейміз … ,, – дейді А.С.Макаренко. Тәрбие – адамның мақсатты қалыптасу процесі, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Аға буынның   кішіге  өз  бойындағы  жақсы  қасиеттерін  үйрету  тәрбие  жүйесі арқылы жүзеге асады. Тәрбие жүйесі  балаларда   отбасынан,  достарынан,  ұстазынан немесе оқу орнынан  қалыптасытыны  айқын. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік  туралы  мәселе  маңызды,  1989 жылғы  БҰҰ  Бас Ассамблеясы   қабылдаған  Бала  құқығы туралы  Конвенция оның дәлелі.

Және  бір  дәлелі:  Президентіміз  Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуіндегі  «2022 жыл – Балалар жылы»  деп жариялануы.  Балаға  назар аудару  жарқын болашағымызды  қалыптастырудағы бағыт. Қай елде, қай кезде болмасын, бала  тәрбиесін  ерекше дамытушы  да,  ілгері  апарушы  да  –  балалар,  яғни  бүгінгі  ұрпақ – ертеңгі  елдің  болашағы.  Балаға оқу маңызды,  ал   ол  үшін оқу орнында  үштік  одақтың  байланысы  мықты  болған  жағдайда ғана жарқын  болашақ  қалыптасатыны анық.

Үштік  одақ:  оқытушы  –  студент –  ата – ана.  Олардың әрқайсысының өзіндік міндеті бары анық. Студент – дене дамуы, зияткерлік, рухани –   адамгершілік  және  жалпы  мәдениеттік  тұрғыдан  дамушы,   оқу  үрдісін үйренуші, шығармашылық  потенциалды  қалыптастырушы, жауапкершілікті елжандылық  пен  ауызбіршілік құндылықтарын иегеруші,  отан  үшін   белсенді    жұмысқа   дайын тұлға.

Оқытушы –  ата-аналармен тығыз  байланысушы, студенттерді, ата – аналарды топтық  және  қоғамдық  ұжымдардың  іс – шараларына  тартушы,  әр  студенттің  жеке басының  қасиетін,  психологиялық  ерекшелігін,  жан – жақты  бақылап,  зерттеу, олардың  кәсіптік  бағдарлығын,  әрі  өмірлік  көзқарасын қалыптастыру,  қабілетін  және танымдық  қасиетін  дамытушы,  ата-аналар жиналысын өткізуші,  студенттердің құқықтарын  және  әлеуметтік  жағдайын  қорғауға  көмек көрсетуші.

Ата – ана –  оқытушымен тығыз байланыс жасаушы, оқу процесіне көмек көрсетуші,  колледжішілік  ата-аналар  жиналысына қатысушы, ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болушы,  баланың   оқу орнындағы жағдайын жасау барысында  өз еркімен   оқу – тәрбие  іс – шараларына қатысушы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі  № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» негізінде жасалған тәрбие жоспарымда, тәрбиенің бірінші бағыты  – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық акт аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар  мен  жастардың құқықтық  санасын,  олардың  балалар  мен  жастар ортасындағы  қатыгездік   пен   зорлық – зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы құқық дегеніміз не?  Құқық  – әрбір жеке адам санасының  әділдікке сенім артуы.  Ал құқықтық тәрбие дегеніміз –  құқық туралы оқыту немесе түсінік қалыптастыру, білімі.

Құқықтық  білім  арқылы  бала санасында «құқық» ұғымы пайда болады,  заңға  қатысы анықталады,  тәрбиенің  басты  әдісі айқындалады. Бала өмірге келгеннен кейін отбасылық тәрбиені алады. Ал, отбасы – қоғам өміріндегі әлеуметтік орта. Баланың бойындағы жағымды немесе жағымсыз қасиеттер, мінез – құлқы осы ортадан қалыптасып келеді. Осы себепті алғаш бала судент аталған күннен бастап отбасымен танысу жүргізіледі. Тәрбие жүйесіндегі әлеуметтік портрет баланың ата – анасымен бірге жасалынып, студенттердің келбеті анықталады.

Мен, № 20 – 3 «ЭВМ операторы» тобының студенттеріне топ кураторымын. Осы балалармен құқық бұзушылыққа байланысты жоспар құрылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Топ студенттерінің топтағы мінез-құлқы, тәртібі, әлеуметтік жағдайы мен ортасына қарай талдау жасап отырамын. Талдау нәтижесі бойынша білім алушылардың бірінші кезекте ата – аналарына толық түсіндірме жасау қажеттігі мен байланысты нығайту қажеттігі туындады. Себебі, балаға толық білім берілгендігімен,  еліміздегі ахуалға байланысты ата – анаға құқықтық жұмыстардың аз жүргізілуі, осындай жағдайға алып келді.

Осыдан кейін ата –аналарымен байланыс жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата – аналарға арнлаған жылдық жұмыс жоспары жасалды. Тәрбиенің құқықтық тәрбиеге қатысты әдістері: ақпараттық, машықтандыру, ынталандыру, жазалау  күнделікті үштік одақ арасында жүргізіліп отырса, Мемлекетіміз жастардың білім мен тәрбие ісіне үнемі маңыз беріп, болашақ жастардың қолында деп, – нық сеніммен айтады. Ал, біздер топ кураторы қызметін атқарып жүргеннен кейін құқықтық тәрбиеге көптеп көңіл бөлуіміз керек.

Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани қажеттіліктерді не екенін жете түсінбеушілік қоғамға құқық бұзушылық орын алатындығы анық. Сондықтан да әрбір тәрбиеленушінің санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез – құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Қорыта келгенде, Өзін-өзі таныған адам ретінде биікке көтеріле алатын, өз ұлтының қадір-қасиетін сақтай да, ұстана білетін, дарынды үлкен азамат болып жетілу. Колледж  – ата – ана – студент  тығыз байланыста жұмыс жасаған кезде ғана  саналы тәрбие мен сапалы білім бере аламыз деген ұғымды естен шығармау керек – ау деп ойлаймын.  «ҮШТІК ОДАҚ» бірлескен жұмыс әрқашан нәтижелі. Менің ұсынысым – әр топ жетекшісі «ҮШТІК ОДАҚ» жұмысына басымдық беру, ата –аналарды балалармен бірлесе отырып, құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Гүлдана Ерболатқызы ЕРТАСОВА,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Қызылорда облысының Қазалы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий