Студенттер ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары

Тәрбие жұмысы колледждегі үрдістің құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі – мақсаты сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген: балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді.

Соған орай дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда ғана толығымен ұжымдық өзара жағымды әркеттесу дағдысы қалыптасады.

Балада әртүрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және біліктілікпен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, тәрбие жұмыстарында бала өзіне пайдалы жағын ала білу тиіс және оны өзіндік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет. Баланың дүниетанымының компонеттері:адамгершілік, эмоционалды, ерік-жігерін қалыптастыру. Тәрбие жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.

Эмоционалдық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтайды, Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін. Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше.

Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Әрбір адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі тәрбие жұмыстары арқылы берілетін тәрбие. Осыған орай тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олардың бойында жақсы ізгі қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері.

Жалпы педагогикалық процесті білдіретін барлық мәліметтерді салыстыру негізінде әрбір студенттің даму және қалыптасу динамикасын бақылау, оқу-тәрбие процесі мониторингін құрастыру топ кураторының өз жұмыс күнделігін жүргізуіне көмектеседі. Топ кураторының атқаратынтәрбие жұмысына  мыналар қамтылады: әріптестер өткізетін сабақтарға қатысу; студенттердің үйлерінде болу; психологиялық-педагогикалық карталар жасау; студенттердің жеке жұмыстары; ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыс жүргізу формасын еркін түрде таңдап алуыңызға болады. Тек оны міндетті түрде үш бөлікке (тарауға) бөлу қажет. Бірінші тарауға топ бойынша жүргізілетін жұмыстардың апталық, айлық жоспарлары енгізіліп, оларға әр апта немесе әр ай сайын тиісті түзетулер ендіріліп отыруы қажет. Белгіленген жұмыстардың орындалу нәтижесі немесе олардың орындалмау себебі, туындаған проблемалар жөнінде мәліметтер келтіріледі.

Екінші тарауға топ студенттерінің фамилиялары алфавиттік ретпен беріліп, әрқайсысына кем дегенде алты парақтан қалдырылады: бірінші параққа студенттердің  мінездемесі, анкеталық мәліметтері, ата-анасы туралы деректер келтіріледі.екінші параққа баланың денсаулығына қатысты жәйттердің бәрін жазуға болады; үшіншісіне – оқу үлгіріміне байланысты (жетістіктері, проблемалары, педагогтарға, ата-анасына және оқушының өзіне арналған ұсынымдар); төртіншісіне – демалыс уақытын қалай өткізетіндігі туралы; бесіншісіне – студенттің дос-жарандар аясы, адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер жайлы жазбалар түсіріліп; алтыншысына – отбасының бала тәрбиесіне қатысуы жөнінде сипаттама беріледі.

Бұл парақтардың әрқайсысына мынадай ақпараттар жазылады: бала қандай жолмен зерттелді; ол үшін бірінші кезекте тұрған қандай проблемалар бар; анықталған проблемаларды шешу жолдары және оларды қолдану тиімділігі. Үшінші тарауда топ бойынша жүргізілетін жұмыстарды жазыңыз: топ ұжымын зерттеу тәсілдері; топ ұжымы дамуындағы проблемаларды айқындау; бұл проблемаларды шешу жоспары. Тәрбие жұмысының  жүргізілуін бақылау колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары тарапынан жүзеге асырылады.

Куратордың жұмыс нәтижесіне оңды ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады: тәрбиешілердің педагогикалық қызметіндегі ұжымдық сипат; колледж педагогтарының тәрбие проблемасын колледж шешуі қажеттігіне позитивті көзқарасы; топты басқару ісін ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктер. Бұл топ кураторы жұмысында белгілі бір тәрбие технологияларының айрықша орын алуынан көрініс береді; колледждегі психологиялық қолайлы атмосфера; топ кураторының тәрбие жүйесін жетілдіруге саналы түрде атсалысуы; колледжде топ кураторын әдістемелік оқытып-үйрету жүйесінің болуы.

Қандай педагог топ кураторы бола алады? Кәдуілгі кәсіби деңгейде оқытып, тәрбие беретін қатардағы топ кураторы (тәрбиеші) бар. Сонымен бірге өз жұмысында педагогикалық шеберлік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын топ кураторлары да болады.Көптеген топ кураторлары өзінің кәсіби шеберлігімен оқыту, тәрбие беру әдістемесін байыта түседі. Ал кейбір топ кураторлары нағыз педагогикалық жаңалықтар ашып, оқу-тәрбие ісіне соны жол салады, педагогикалық теорияларды толықтырады.

Сөз жоқ, топ жетекшісі көп нәрсені есінде сақтауы және көп нәрсені сезіне білуі тиіс. Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру студенттің жеке тұлғалық шығармашылық бағыттылығымен дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ұжымдық еңбектену үрдісінде оқушылардың жеке тұлғалық қызығуы мен бейімділігін тереңдетудің алғы шарты жасалынады, қарым-қатынас аясы кеңейеді, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибелер жинақтайды.

Студенттің дамуындағы алға басуы топ жетекшісі әзірлеген жеке тұлғалық мінездемелерінде жазылады. Шығармашылық белсенділігі үш жақтан топ, белсенді мүше, мұғалім) бағаланады, бұл оқушының даралық шығармашылығының қалыптасуы жөнінде нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды көрсеткіші оқудан тыс бірлестіктерде қызығуларына қарай қатысушылар санының өсуінен көрінеді.

Оқушылар өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін “шебер қолдар” үйірмелерінде, ғылыми қоғам, көркемдік студияларда, өлкетану саяхаттарында, өнертапқыштар клубында қолданады. Білім беру ісін жетілдіру жағдайында колледждің тәрбиелік функциясы айрықша мәнге ие болып отыр. Ол тәрбие ісіндегі басты мақсат – өскелең жастың заман талабына сәйкес өзін өзі тұлғалық тұрғыдан жетілдіруіне жағдай жасау.

Педагогикалық процестің мазмұндық және ұйымдық жаңаруы кезінде басты бағыт тәрбие болып отыр. Тәрбие процесі пікірлестердің (балалардың, ата-аналардың, педагогтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері) әр түрлі деңгейдегі: топ-колледж-отбасы-ықшам аудан-қала – өңір ынтымақтастығы, бірлескен әрекеті нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Шынар Жұмамұратқызы ЕРКУЖАЕВА,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
п
едагог-зерттеушісі, ағылшын тілі пәнінің
оқытушысы, Қызылорда облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий