Қарағандылық NIS-ке түсу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады. Құжаттар 26 ақпанға дейін қабылданады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектеп базасында өтеді. Тестілеудің бірінші күні оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика, сандық сипаттама, жаратылыстану) бойынша тест тапсырады. Ал екінші күні тілдік тестілеуде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) білімін сынайды.
Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін арнайы онлайн брондау қызметі жұмыс істейді. Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты https://krg.nis.edu.kz/ сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбі жұма күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Үзіліс уақыты – 12.00-ден 13.00-ге дейін. Құжат қабылдау мекен-жайы: Қарағанды қ., Кеншілер даңғылы, 62; телефон: 8 (7212) 50-78-55; веб-сайт: krg.nis.edu.kz
Загрузка...