QyzPU University & ЕҰУ: Университеттер арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Ұлттық университеттер арасындағы ынтымақтастық нығаяды. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Ректорының кеңесшісі Ақерке Абылайханмен кездесуінде белгілі болды, – деп хабарлайды QyzPU Коммуникация және медиа департаменті.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласында өзара ықпалдасу, бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру сынды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ қос жоғары оқу орнының өзге де бағыттар бойынша әріптестігін арттырудың тетіктері қарастырылды.

– Бүгінде Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда Университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми-зерттеу жүргізетін 28 ғылыми бөлімше жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселелерін шешу болып табылады. Университеттің басты миссиясы – мемлекет пен қоғамға қызмет ете алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту. Бұл мақсатты жүзеге асыруда Сіздердің Университетпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз, – деді ЕҰУ өкілі.

Өз кезегінде QyzPU Ректоры Гүлмира Қанай 80 жылдық тарихы бар педагогикалық оқу орнының бүгінгі жағдайына тоқталып, алға қойып отырған жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ол сапалы ұстаз мамандарын дайындау бағытында назар аударатын басты мәселелерді атап өтті. Кездесу соңында қонақтар Университеттің «Aqtumar» музейінде және «ArtDara» өнер галереясында болды. ЕҰУ делегациясы оқу орнының тарихымен танысып, оқытушылар мен студенттердің өнер туындыларын тамашалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий