Адамдар тін жасушаларының көмегімен кейбір дерттерін емдей алады.
Ұлттық биотехнология орталығының» бас директоры Ерлан Раманқұлов күрделі сынықтарды емдеуді жеделдететін жаңа препаратты клиникалық сынақтан өткізу туралы әңгімеледі, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

– Ғылымда тін жасушаларын пайдалану – әлем бойынша соңғы 10-15 жылдың жетістігі. Бірақ бұл тәжірибені қоғам игілігіне жарата алған мемлекеттер саусақпен санарлық. Адамдар тін жасушаларының көмегімен кейбір дерттерін емдей алады. Қазақстанда тін жасушаларының негізінде жасалған дәрі-дәрмектің клиникалық сынақтан өтіп жатқаны отандық ғылымның даму деңгейінің және оның коммерциялануының көрсеткіші деп ойлаймын, – дейді ол.