“Үштік оқыту моделі” жобасы іске қосылды

«No3 орта мектеп кешені» КММ-де мектеп директоры Н.Н.Ахметқалиев пен Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің ректоры Ердембеков Б.А., «Семей инжиниринг» АҚ бас директорының орынбасары Турагулов Р.А., ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті. Білім берудің мектеп – университет – кәсіпорын үштік моделі негізінде жалпы және қосымша кәсіпке дейінгі білім беруді интеграциялау негізінде меморандумға қол қойылды.

Білім берудің үштік моделі- мектеп қабырғасында оқушыларға білім берумен қатар, жобалық және зерттеу жұмыстарын ЖОО мен жүргізіп, тәжірибелік дағдыларын кәсіпорындарда қалыптастыру; Осының нәтижесінде оқушылардың инженерлік – техникалық бағыттағы мамандықтарды дайындауға екпін түсіріледі.

Меморандумның мақсаты – білім алушылардың инженерлік іс-әрекетті таңдау мотивациясын қалыптастыру, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, дамуына, әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмектесу үшін инженерлік ғылымда жаратылыстану – технологиялық профильді және бейінді оқытуды дамыту. Жиын барысында мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы инженерлік-технологиялық сабақтарға арналған үлгілі оқу жоспары мен университет пен кәсіпорындарды тарта отырып, интеграцияланған оқу үдерісі бағдарламасы ұсынылды.

CDIO инженерлік білім беру стандартының идеяларына негізделген жобаны басқару және мазмұны бойынша жол картасы ұсынылды. «Түлектер күрделі инженерлік қызметке қабілетті болуы керек: мамандардың командалық жұмысына негізделген заманауи ортада инженерлік өнімдерді, процестерді және жүйелерді жоспарлау, жобалау, өндіру және қолдану».

Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Б.А.Ердембеков бастаған университет өкілдері оқу орнының оқу-тәрбие және материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Мектеп «физика», «химия», «роботехника» сияқты жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған. Биылғы жылы STEM және биология кабинеттерін алу жоспарлануда. Шәкәрім атындағы университет ректоры Б.А.Ердембеков мектеп бітіруші түлектерді, ата-аналарды инженерлік-технологиялық факультетінің кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарымен таныстырды.

Көрмеде факультет оқытушыларының ғылыми жұмыстары мен жобалау жұмыстарының макеттері ұсынылды. «Семей инжиниринг» бас директорының орынбасары Р.А.Тұрағұлов кәсіпорын жұмысымен таныстырып, ынтымақтастыққа дайын екендігін, оның аясында экскурсиялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, үйірмелер ашылатынын айтты.

Шара соңында Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко: мектеп – ғылымға жол ашатын, қоғам алдындағы ғаламдық проблемаларды шешуге қатысатын тұлғаны дайындайтын орта болу керек, – дей отырып, осы бағыттағы ЖОО мен ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Мектептің ата-аналары мен оқушылары конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті білім алуға, кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге оқу мотивациясын қалыптастыратын жоба туралы толық ақпарат алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Мектеп басшысы білім берудің үштік жүйесі аясында ғылыми жобалар мен оқу маршруттары әзірленетінін, тағылымдамалар мен экскурсиялар ұйымдастырылатынын, кәсіпорындарда шеберлік сабақтары мен сабақтары өткізілетінін, стартаптар құрылатынын түйіндеді, нәтижесінде таңдаған мамандықты «сынап көруге» мүмкіндік туады.

Біздің ұстанымымыз – инженерлік-техникалық бағытты таңдаған шәкірттердің жоғарғы деңгейдегі маман болып, шығуына мүмкіндік жасау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» деген сөзі бізді туған жерімізді немесе отанымызды өркендету жолындағы істерге бағыттайды.

Н. АХМЕТКАЛИЕВ,
№3 орта мектеп кешенінің директоры,
А, СМАГУЛОВА,
мектеп директорының орынбасары
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий