Балаға үйренуді үйрету – нағыз шеберлік

“Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады”, – дейді Конфуций. Күннің жер жүзін жайнатып, әлемге мәңгілік өмір сыйлағаны сияқты, ілім де жанды нұрға  бөлеп, адамның мерейін өсіреді.Әр ұстаздың үлгі тұтар тұлғалары болады. Олар өздерінің нағыз шеберлігімен, бала  көңіліне қаяу түсірмей, жан-тәнімен олардың әлеміне мәңгілік өшпес нұр сыйлайды. Бала әлемін  құнды дүниелерге толтырып, оларға үйренуді үйретуге баулуды насихат етіп жүрген  жандар бар.  

Осындай жайсаңдардың бірі, елі үшін ерен еңбек еткен, бүгінде есімі көп айтыла бермейтін педагог-тренер Ескендір Бестай туралы айтқым келіп отыр. Ол әлем педагог-психологтарының пікірі мен қазақы тәрбиені және өзінің әкелік тәрбиесін ұштастырып қоғамға пайдалы сапалы ақпарат беріп жүрген азамат. Ескендір Бестай алғашында  студенттерге сабақ беріп, бала тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрді. Ұстаздық қызмет атқара жүріп, мұғалімдерге қосымша білім беру жұмыстарын бірге ала жүрді. Отбасылы болған соң бала тәрбиесіне ерекше ден қоя бастады.

«Бала тәрбиесінің басты формуласы – шексіз жақсы көру және шартсыз қабылдау» дейді педагог. Ол осы дәйексөздің мән-сырын тереңінен ашты. Жас ата-аналар бұдан да басқа өзекті әрі маңызды керек кеңестер ала бастады. Ал бала тәрбиесін  мектеп ортасымен ұштастыра отырып, балаға кез-келген мәселеде екі жақтап қарауды үйретуді ұсынды. Атап айтсақ Менделеевтің ұйықтап жатып жаңалық ашуы, ал оның алдындағы зейінді әрекеттен зейінсіз әрекетке көшкені туралы оқушыныңт білмеуі.

Қазіргі таңда Ескендір Бестайдың көптеген түсіндіру аудио жұмыстары көп. Әрбір ұстазға балаға екі жақты көз-қарас тудырып, жаттанды дүние үшін емес, тек қабілетін дамыта отырып, үйренуді үйрету де  үлкен шеберлік екенін осы аудио жұмыстарында кеңінен түсіндіре білді.

Алия Сыдыковна КАЛИЕВА,
№14 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі, Маңғыстау
облысы, Мұнайлы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий