Мемлекет қызмет – эксперимент алаңы емес!
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақыттағы мақсаттар, қоғамдағы заң, қатаң тәртіп мәселесі, жер, сайлау, латын графикасына көшу, еңбекқорлық идеясы, өз елінің патриоты болу, сыртқы саясат, олигополия, ұжымдық қауіпсіздік, халықтың әл-ауқатын арттыруға байланысты реформалар, кадрлық ауыс-түйіс, сайлау, қабылдаған шешімдері және тағы да басқа ойларымен бөлісті.

Біз «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» негіз қалаушы қағидатын берік ұстанатын боламын», – деді Президент. Қазіргі уақытта Қазақстан – қабілетті және талантты адамдар өмір сүретін зайырлы ел болып табылады. Біздің нарықтық экономика үшін, бізге кәсіби және кретивті ойлайтын мамандар қажет екенін ерекше айтты. Әрине, барлық қабілеттердің ішінде ең қиыны және ең сирек кездесетіні – бұл басқару өнері. Осыған орай, адамдарды жай ғана басқару емес, басшының қарамағындағы адамдардың қарсылық білдірмейтіндей, онымен сөзсіз келісетіндей етіп басқару – одан да қиын өнер болып табылады.
Президент өз сөзінде: «Мемлекет қызмет – эксперимент алаңы емес!» және қазіргі күрделі кезеңнен қандай ой түйгенін, кадрлық ауыс-түйіс мәселесін, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап жоғары екендігін ерекше айтып, оларды даярлаудың, соның ішінде еліміздің санқырлы саяси және экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті, жаңа геосаяси жауапкершілікке дайын мемлекеттік басқару саласындағы білікті, адал мамандарды даярлаудың қажеттігін ашық айтты. Сондықтан мамандарды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, мемлекеттік менеджмент саласына лайықты дайындау – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлігі екені айдай анық.
Біздің білім беру жүйеміз үшін, әсіресе жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды проблема – бұл кәсіби кадрлар даярлау проблемасы. «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Осыған байланысты, ЖОО білім берудің жаңа сапасын жақсарту қажеттігі туындайды.
Қарапайым халық арасында еңбекқорлық идеясын орнату туралы Президент өз ойымен бөлісті. Адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиеті – еңбекқорлық. Таңның атысынан күннің батысына дейін маңдай терін төгіп, жұмыс жасап, нәпақа табу – әр адамның өмірлік міндеті. Нарық – бұл қатал бәсекелестік, онда үнемі жетілдіруге деген ұмтылысы бар адамдар құпталады, қол жеткізген жетістіктерге тоқтағандар ауыр жазаланады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретінде Н. Назарбаев 30 жылдық еңбегін жоққа шығармау керектігін айтып, оның кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажет – дейді Мемлекет басшысы. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің тыныс-тіршілігі көптеген салалары бойынша ахуалы едәуір жақсарды. Әлемдік қоғамдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы бар ел ретінде таныды.
Біздің мемлекет халықаралық еңбек бөлінісінде елеулі рөл атқара отырып, әлемдік және жергілікті энергетикалық, минералды-шикізаттық, кен-металлургиялық, азық-түлік нарықтарында нақты орындарға ие бола бастады. Әрине, бұл жерде Елбасының еңбегі зор. Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанын қорғау, халқының амандығын сақтау – әр азаматтың борышы. Осыны ұмытпауымыз керек. Қазақ елі жасай берсін!», – деді Президент.
Бауыржан ЖУНУСОВ,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің профессоры