Кім жақсы білім алса адал еңбек етсе, сол жақсы өмір сүреді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында бай қуатты ел болу биліктегілердің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, еліміздің әрбір азаматының еңбектенгеніне байланысты. Елдің тұрмысын жәй ғана сөзбен емес, нақты істің нәтижесімен көрсету керек, қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз қажет.

Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең бірінші орынға қоюы керек. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. Бүгінгі жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына тоқталды. Ұлтымыз дүниежүзінде алдымен білімді, қызметіне адал ұлт ретінде мойындалса, бұл экономикамыздың дамуына оң әсер етеді.
Жалқаулықтан қашық болуымыз қажет. Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын іске асыратын боламыз. Біз бұрын идеологиялық қателіктер жібердік. Шет мемлекеттерге, Орта Азиядан Ресейге кеткен жұмысшыларға қара жұмыс істеуге мәжбүр болғанына таңырқай қарадық. Қазіргі қоғамымыздағы масылдықтан арылуымыз қажет. Әр азамат еңбек етуге талпынса, барлық жағдай жасалып жатыр қазір.
Білім ғылым саласында көптеген ғылыми – зерттеу гранттары, әлемнің озық елдерінде тағылымдамадан өтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған осыны бүгінгі жастар тиімді пайдалануы керек деп ойлаймын. Пәтер алу туралы, жұмыс орындары туралы, барлық жағдай жасалған. Кәсіп жасауға жағдайда бар. Кім жақсы білім алса адал еңбек етсе, сол жақсы өмір сүреді. Бір Тудың астына бірігіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық.
Жандарбек Ермекұлы ИМАНЧИЕВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетіндегі педагогика факультеті
деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD доктор