Тәуелсіздікті нығайту елдің бірлігіне тәуелді

Елдің болашағына қатысты әлі де көптеген міндеттердің  қоғам алдында тұрғандығын ескеру қажет. Ең бастысы Тәуелсіздік,  мемлекеттің мүддесін кейінгі ұрпаққа толығымен табыстау болып табылады. Мәселесіз қоғам, мемлекет болмайды. Адамзат, өзінің тарихы мен мәдениетінің басталу уақытынан бері қаншама дәуірді басынан өткізсе, осы аралықтағы тарихтың, басқа да қоғамдық сана түрлерінің қалыптасып, нығаюына себеп болатын нәрсе бұл әлеуметтік мәселелердің оңтайлы әрі дұрыс шешілуі.

Мәселенің туындауы бір бөлек, оның жолға қойылуы мен шешілуі бір бөлек, яғни үлкен міндеттерді жүктейді. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған мәселе мен оны шешудегі міндеттер қандай? дейтін болсақ, біріншіден, қоғамға ауыз біршілік керек. Ақылмен, мінезбен мәселені зерделеп, біліммен түйіндей алатын орта көп нәрседен ұтылмаған, ұтылмайды да. Бұны бабаларымыз да білген. Сол себептен Тәуелсіздікті уақыттың талабына сай нығайту ісі қазіргі уақытта қоғамның өзіндік санасына айналуы тиіс деп есептеймін. Халықты біріктіретін де осы.

Тіл мен дін, тарихи сана, мәдениет пен өнер, заңның әділ әрі үстем болуы, қай салада болмасын мемлекет мүддесіне жанашырлық мемлекетшілдіктің басты өнімі, оның күшеюіне қашанда тікелей әсер етіп отырады.  Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «Біздің бірғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да. Еліміздің Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Оны көздің қарашығындай сақтау ортақ парызымыз».

Мемлекетін өз үйіндей сезіне алған қоғам, ұрпақ Елдің Тәуелсіздігін нығайта алады. Отбасынан бастап, мектеп, университет және өзге де барлық әлеуметтік институттар болып тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеуі керек. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруда ортақ игілікке қол жеткізу билік пен халықтың бірлігіне тәуелді деп есептеймін.

Үмбетқан Қуандықұлы СӘРСЕМБИН,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің кафедра меңгерушісі,
философия ғылымдарының кандидаты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий