Ұлы дала – әлемдік өркениеттің тал бесігі

Біздің жоғары оқу орнының қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы мен Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мамандарының қатысуымен студенттерге «Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі» атты тақырыпта Teams платформасында кездесу ұйымдастырылды.

????????????????????????????????????

Қарағанды техникалық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Динара Госманқызы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әйгерім Исбекова студенттерге жаһандану жағдайында қайшылықтары мен қақтығыстарды шешуде, әлеуметтік күштерді біріктіруде, экономиканың дамуындағы дағдарыстық құбылыстарды еңсеруде мәдениеттің стратегиялық әлеуеті маңызына тоқталды.

Одан әрі сөз Тусупбеков Жарқынға берілді. Спикер, жаһанданудың негативті әрекеттеріне қарсы тұратын механизмдердің бірі, тарихи сана деп бастады. Тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай болады. Себебі, алдыңғы буынның қалдырған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек ену арқылы қазіргі адамның өмірлік әрі азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Ол әлеуметтік‑мәдени тәжірибе, ғылыми тілде  «архетип» деп аталатынын, архетип ‑ бүкіл нәсілдің тәжірибесін қамтитын трансценденттік схема немесе құрылым екені түсіндірілді.  

Және, архетиптер мәдениеттерге өздерінің өткенін үнемі жаңғыртуға, олардың шығу тегімен байланыста болуға көмектесетіндігі айтылды. Студенттерге сонымен қатар, тарихымызды заманның талабына сай жаңғыртуда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Динара ШОРМАНБАЕВА,
Қарағанды техникалық университетіндегі
ҚХА және ӘГП кафедрасының меңгерушісі,
Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий