Ардақты әріптес

Майра Тұрғанқызы Амантаева – білім беру жүйесіндегі ерекше тұлға, оны әр түрлі кезеңдегі салалық кәсіподақ мүшелері біледі, әрі айрықша құрметтейді. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы ол республикалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі болды. Еңбек еткен жылдары ол әлеуметтік әріптес ретінде ҚР Білім Министрлігінің 20-дан астам басшыларымен қызметтес болды.

Ол білім саласы қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша қабылданған шешімдерде принциптілік пен әділеттілік таныта білген көрегенді тұлға. Уақыттың күрделі кезеңдерінде сонау 90-шы жылдары, білім беру кәсіподағы оның басшылығымен барлық қиындықтарды еңсеріп, күш біріктіре алды. Әріптес және замандас ретінде ол мен үшін келелі кеңес бере алатын және қиын сәтте қолдау көрсете алатын парасатты басшы бола білді.

30 жылға жуық бірлескен жұмыс артта қалды, аз уақыт емес, сол үшін тағдырыма ризамын. Майра Тұрғанқызына мерейтой қарсаңында ұзақ өмір мен мықты денсаулық,  үлкен тату отбасының тұтқасы ретінде оның отбасы мен жақындарына амандық тілеймін. Сізді бағалаймыз, ерекше құрметтейміз, мерейтойыңыз құтты болсын!

Сәбит ЫБЫРАЕВ,
“Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Семей аумақтық ұйымы” ҚБ төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий