Жаңартылған білім бойынша әдіс тәсілдерді қолданудың тиімділігі
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Осыған орай біздің білім ордасындағы педагог – зерттеуші ұстаздардың бастамасымен өзара тәжірибие алмасу мақсатында ұстаздардың заман талабына сай кәсіби құзіреттілігін дамуына арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда әлемдік деңгейде етек жайған пандемияға байланысты білім алушыларға қашықтықтан білім беру үшін ұстаздардың бірқатар медиа сауаттылығын арттырып, интер белсенді әдістер арқылы дәріс беруіне де зор үлесін қосқаны анық.
Баланың білімге деген құштарлығын арттыру барысында бірқатар білім платформалары мен интернет бағдарламаларын пайдалана отырып, ұстаздарымыз білім беруде бірқатар жетістіктерді еңсеріп отыр. Білім алушыларға zoom, google meet, onlaine mektep платформаларында видеоконференция кезінде экранды деманстрациялау арқылы топтық жұмыс, жұптық жұмыс, түрлі ойындар арқылы кері байланыс алу және де оқушылардың өзінің білім деңгейін онлаин форматта көз жеткізе алатын CostLots .org, және WWW.classtols.net/ random – name-picker, сонымен қатар Quizizz бағдарламалары арқылы сабақты қызықты өткізуге болатын әдіс тәсілдерімен бөлісті.
Білім алудағы тиімді әдіс -тәсілдердің арасында топтық жұмыстың тиімділігі білім алушылар бір -бірін бағалай алады, осындай тиімді әдістер арқылы өз қателігін түзей алады. Оқуға құлшынысы артады. Осы бағдарламалар арқылы білім деңгейінің бағасын көре алады. Қатысушы әріптестер байланысқа Jambord, Padlet тақталарына ой –пікірлері мен әсерлерін жазып қалдырды. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін.
Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оның-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау – әр ұстаздың міндеті. Сабақты жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды қолдануға болады.
Алма ТЕМИРБАЕВА,
№26 жалпы білім беретін мектептің
музыка пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші,
Алматы қаласының Алатау ауданы