Өзін-өзі тану пәнін оқытуда рухани – адамгершілік құндылықтарды дарыту

“Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің борышымыз деп білемін”, – дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі кезеңде қазақ  қоғамында болып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы құбылыстарға байланысты болып жатқан  «Рухани дағдарысты» жастарымыз да бастан кешуде. Сондықтан, бүгінгі күні өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік жаңғыру мәселесі өзекті болып отыр.

Руханилық пен адамгершілік – бұл адамның маңызды, негізгі сипаттамалары. Руханилық адамның таңдалған мақсаттарға ұмтылысы, сананың құндылық сипаттамасы ретінде анықталады. Адамгершілік-бұл адамдардың бір-біріне және қоғамға қатысты мінез-құлқының жалпы принциптері мен нормаларының жиынтығы. Үйлесімде олар жеке тұлғаның негізін құрайды. Рухани-адамгершілік тәрбие, біріншіден, болашақ мамандарды тәрбиелеу міндетінің басымдылығына байланысты, екіншіден, мамандардың мемлекеттің қоғамдық өміріндегі гуманистік және әлеуметтік рөлінің артуына байланысты маңызды педагогикалық проблема болып табылады.

Білім алушының жеке басының дамуы үшін оңтайлы жағдай жасау, оған өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, адамгершілік тұрғыдан  өзін-өзі жетілдіруге, әлеуметтік тәжірибенің кең ауқымын игеруге және Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау мақсатында 8 ақпанда «Бөбек» орталығының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің қолдауымен «ТжКББ жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» атты Республикалық педагогикалық оқулар болып өтті.

«Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық педагогикалық оқулар «Бөбек» орталығының 25 жылдығына орайластырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы құттықтау сөз сөйлеп, республикамыздың жас ұрпағын рухани-адамгершілік жағынан дамытудағы жаңа жетістіктерге бүгінгі диалог тағы бір серпін болатындығына сенімін білдірді.

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті Елена Николаевна Сәкенова адамгершілік құзіреттілікті меңгеру болашақ мамандарды ерекше ететінін, өйткені кәсіби білім мен дағдылардан басқа Сүйіспеншілік, Мейірімділік, Ар-ождан сияқты іргелі рухани-адамгершілік ұғымдар қалыптасатынын атап өтті. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Файзуллина Баян Викторовна «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын ұйымдардың білім беру кеңістігіне енгізудің тиімді бағыттары туралы айтты.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы құттықтау сөз сөйледі. Республикамыздың барлық өңірінен колледж басшылары, басшы орынбасарлары және арнайы пән, өзін-өзі тану оқытушылары баяндама жасады. Тақырыптық секцияларда:  Болашақ маманның рухани-адамгершілік дамуының гуманистік негіздері (өзін-өзі тануды арнайы пәндер мазмұнына интеграциялау); Заманауи жағдайда «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіру (өзін-өзі тануды жалпы білім беру пәндерінің мазмұнына интеграциялау).

Өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік дамуының негізі ретінде (өзін-өзі тануды тәрбие процесінің мазмұнына интеграциялау). Білім алушының  рухани адамгершілік құндылықтарын дамытуда, өзін-өзі тануына басшылық жасау: адамдық қасиетін дамыту; шығармашылық қабілетін дамыту; дүниетанымын кеңейту. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері, кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету қызметтері желісінің жұмысын дамыту және жетілдіру;

Ғылыми-кәсіптік әлеуетті, әлеуметтік, мәдени, тарихи дәстүрлердің мүмкіндіктерін өнімді пайдаланатын қоғамдық ұйымдар мен кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алушыларды тәрбиелеуді ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және тарату; колледждің миссиясына сәйкес келетін рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын, нысандары мен әдістерін, сондай-ақ колледж дайындайтын маманның моделін әзірлеу; жеке мүдделер мен кәсіби мүмкіндіктердің үйлесуі; түрлі салаларда (үйірме жұмысы, жұмыспен қамту, спорт, туризм, педагогикалық бейімділіктерді іске асыру және тағы басқалар) білім алушылардың жеке басының өзін-өзі танытуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу; өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту; өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту; адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру.

Әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту; күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту мен өзін-өзі тануды білім мазмұнына кіріктіру жолдары және қазақстандық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды. Өзін – өзі тану пәнінің басты міндеті- өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын іспен айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу.

Тәжірибе көрсеткендей, өзін- өзі тану білім берудің құнды мәнін нығайта отырып, тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп білу және өзін –өзі жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда үйлесімдікке қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады. Бұл пән балалардың өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай –ақ баланың өзін – өзі тануына адамгершілік негіздерін жинақтауына, сана-сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен махаббат, ізглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалыптасуына әсер етеді деп қорытындыланды.

Индира Мадиевна КАБДОЛДИНА,
АҮД гуманитарлық колледжі директорының

оқу- әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, п.ғ.м.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий