Ерекше балаға – арнайы педагог

Бүгінгі таңда ерекше балаларға арнайы білім беру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Ерекше балаларға білім мен тәрбие беретін арнайы педагог – жүрегі кең, арнайы педагогикада білімі терең, жаңа әдіс-тәсілдерді жан-жақты меңгерген, ерекше білім алу қажеттілігі бар баланың жанын түсіне алатын, қоғамға бейімдейтін біліктілігі жоғары маман. Өткен оқу жылында елорданың Байқоңыр ауданында С.Сейфуллин көшесінің 67 «А» ғимаратында № 3 арнайы мектеп ашылды.

14 жыл арнайы білім беру саласында еңбек еткенмен, арнайы мектептің басшысы болу мен үшін үлкен жауапкершілікті арқалау болып есептелді. Қазіргі заманауи қоғамда ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жағдай жасайтын, ата-аналардың талап-тілектерін тыңдай отырып, арнайы педагог пен мамандардың бастарын біріктіріп басқаруды ұйымдастыру үшін жылдар бойы жиналған тәжірибені іске асыру қажет болды. Арнайы білім берудегі педагогикалық менеджмент тұрғысынан білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтерінің оқу-тәрбие және оқу-танымдық процестердің менеджерлері ретіндегі қызметі формализм мен шығармашылық арасындағы тұрақты қайшылықтарды шешудің үздіксіз тізбегі болып көрінеді.

Білім беру процесінде біз үш компоненттің жиынтығын қолданамыз: оқу-тәрбие, білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу процестері. Педагогикалық менеджменттің осы анықтамасына сәйкес, кез – келген мұғалім, шын мәнінде, оқу процесінің менеджері (процесті басқару субъектісі ретінде), ал білім беру ұйымының басшысы – жалпы оқу процесінің менеджері (осы процесті басқару субъектісі ретінде) екенін атап өткен жөн.

Алайда, арнайы процесс аясында білім беру процесін түсінудің бұл тәсілі толық емес, өйткені арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері олардың функционалды бағыты мен кедергісіз білім беру ортасын – арнайы педагогтерді (логопед, дефектолог, сурдо және тифлопедагогтар, тьютор және тағы басқа) қалыптастырудағы рөлі үшін өте маңызды мамандарды қосуды талап етеді. Оқу-танымдық процесс менеджері – оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жүйесінің субъектісі ретінде әрекет ететін арнайы педагог.

Оқу-тәрбие процесінің менеджері-педагог қызметкерлердің оқу-тәрбие қызметін басқару субъектісі ретінде әрекет ететін оқу орнының басшысы (директор, оның орынбасары). Тьютор – мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру кеңістігіне баланың жолсерігі. Арнайы мектеп ордасында тьютор лауазымы бекітілмегендіктен, оның міндетін атқару тәрбиешіге жүктеледі, сондықтан арнайы мектепте білім беру кеңістігінде (сыныпта) баланың жолсерігі болып табылатын педагог – ол тәрбиеші.

Халық педагогикасында басқарудың негізгі принциптері туралы қалыптасқан идеялардың кейбіреулерін басқару барысында қолдандым: Жауапкершілік қағидасы: «Өз ісіңді өзің жаса және қол астындағылар үшін ештеңе жасама». Бұл принцип оқу-тәрбие процесі барысында әр қатысушының өзінің лауазымдық міндетін жауапты атқаруға ықпал етеді. Ынтымақтастық қағидасы: «Бізге қажет нәрсені бірге жасаймыз». Бұл принцп, бірлесе отырып, көптеген мәселелердің шешу жолдарын көрсетеді.

Бәсекелестік қағидасы: «Одан да жақсы жасаңыз». Қайтару қағидасы: «Өз білгеніңізбен бөлісу». Ұжымдастыру қағидасы: «Ұжым – күш». Өзін-өзі бағалау қағидасы: «Өзіңізді зерттеңіз, күшті және әлсіз жақтарыңызды біліңіз». Үйлесімділік қағидасы: «Дені саудың – жаны сау». Тәуелсіздік қағидасы: «Бәрін өзіңіз жасауды үйреніңіз». Таным қағидасы: «Өмір бойы үйренуден жалықпаңыз». Қорытындылай келе, бір жарым жылда мектебіміз «Әр баланы оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау» миссиясын іске асыруда.

Және көптеген жетістікке жетіп, ата-аналар тарапынан қошемет пен қолдау тауып, кез келген қиындықтарды бірлескен мамандар мен педагогтердің біліктілігі мен жауапкершіліктерінің арқасында жеңіп келеді. Арнайы білім берудегі менеджментінің дамуына әлі де өз үлесімді қосамын деген сеніммен, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды жалғастырамын.

Гульдана АБДИГАЛИЕВА,
№3 арнайы мектептің директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий