Ұстаз – ұлы есім

Біздің жоғары оқу орнындағы құрылыс инжиниринг кафедрасының профессоры, (ХААА) халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Сүгіров Жиенбек ұстаздың есімін мақтанышпен айрықша атап айтқанымыз абзал. Кейіпкерімізге 2007 жылдың мамыр айында құрылыс мамандығы бойынша профессор ғылымы атағы беріліп, 2019 жылы наурыз айында халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез – келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Құрылысшы – мәртебелі мамандық. Қоғамның айнымас бөлшегі, экономиканың негізгі тірегі де осы мамандық иелері. Дегенмен, олардың біздің қоғамға қосатын үлесі мол. Құрылысшылардың еңбегі еш уақытта еленбей қалмайды. Әрбір мемлекеттегі экономиканың іргетасын құрылысшылардың алтын қолынан шыққан нысандар құрайды.

Қазіргі таңда ұстазымыздың университет студенттеріне беріп жатырған білімі өте зор. Жыл сайын отандық студенттер арасында ұйымдастырылатын пәндік олимпиадаларға құрылыс мамандығы бойынша студенттерді даярлап, жүлделі орындарды қанжығаларына байлауда. Сонымен қатар студентер парасатты педагог атанған абыройлы азаматтың ғылыми жетекшілігімен диплом жұмыстарын ойдағыдай қорғап, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандардың қатарын толықтыруда.

Олардың алғашқы сапында аймақ жетекшісінінің орынбасары Н.Аккулов; қала әкімінің орынбасары Д.Бегендиков; Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының әкімі Б.Абилов; «Корпорация Базис-А» басшысы Р,Альмаметобва; «Best-Ingineering-Project-Aktau» серіктестігінің директоры А.Кулмаганбетова; «White Pearl» ЖШС басшысы Д.Имангазиев сынды танымал тұлғалар бар. Жиенбек Өмірзаұлы жүз жиырмадан астам ғылыми жұмыстардың (монография, жоғары оқу орындарына арналған оқулық, екі оқу құралы, бір патент) авторы.

Ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері Ресей, Иран, Түркіменстандағы халықаралық конференциялар мен республикалық аймағындағы түрлі конференцияларға қоса тақырыптық семинарларда баяндалған болатын. Ол терең оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуімен де әріптестері арасында танымал әрі бедел мен құрметке ие. «Жылу және атом электр станцияларының құрылысы» мамандығының студенттеріне арналған болат тік цилиндрлік резервуарларды есептеу «Жылу және атом электр станцияларының ғимараттары мен жабдықтары», «Жылу және атом электр станцияларының ғимараттары мен құрылыстарын тұрғызу технологиясы», «Металл конструкциялары» атты оқулығы жарық көрді.

«ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Маңғыстау облысына 35-40 жыл», «Ақтау қаласына-55 жыл» төс белгілерімен марапатталған өңір бойынша «Жыл адамы-2012», «Жыл ғалымы-2012» атағының иегері. Қазіргі заман талабына сәйкес білім берудің жаңа саласына жету -ұстаздың мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Таңдаған мамандығына жан-жүрегімен берілген тәлімгер ғана педагогикалық этика мен кәсіби шеберлікті қатар әрі жоғары деңгейде меңгеретіндігі даусыз..

Гүлбану ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий