Ақмолалық команда республикалық дебат турнирінің үштігіне енді

Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирі өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Турнирге еліміздің барлық облысынан 51 команда, оның құрамында 102 оқушы қатысты. Ақмола облысының намысын бұл турнирде үш команда қорғады. Олар: «Әділет» командасы (Ақкөл ауданы); «New Time» командасы (Bolashaq Saraiy); «Астрея» командасы (Көкшетау қаласы)

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің қорытындысына сәйкес «АСТРЕЯ» командасы құрамында Жакимова Гауһар, Заруцкая Александра жүлделі 3 орынға ие болды. Команда мен оның жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий