ХVIII халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 97 медаль жеңіп алды

XVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 97 медаль жеңіп алды.Оның ішінде,?13 алтын ,?21 күміс,?63 қола медаль. Жеңімпаздар Astana IT University @astana_it_university және ҚБТУ @kbtu_offical сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім беру гранттарына ие болды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылардың рекордтық саны, дәлірек айтқанда, әлемнің 21 елінен 1200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және тағы да басқа елдер бар.
Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты. Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий