Облыстық фестиваль байқаудың жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының үйлестіруімен “Жас музыканттардың” облыстық фестиваль байқауы ұйымдастырылды. Салтанатты шараның шымылдығын ашқан өңірлік “Қосымша білім беруді дамыту орталығының” директоры Бақытжан Ешенқұлов барша қатысушыларға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Жергілікті үш жүзге жуық өнерпаз бақ сынаған бұл байқаудың басты мақсаты- шығармашылықты дамыту, жас буынның өнерге деген қызығушылығын ояту, заманауи шығармаларды, үздік үлгідегі музыкалық мұраларды игеруге ынталандыру және орындаушылық шеберлікті арттыру, кәсібилікке баулуға бағытталған болатын.

Дәстүрлі өнер додасына аудан, қаладағы музыка мектептері мен өнер мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары бөлімдерінің, солист-білім алушылары (домбыра тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) қазақ халық аспаптары мен орыс халық аспаптары ансамбльдері қатысты.

Жүлдегер атанған жас таланттарға облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының дипломдары мен жеңімпаз оқушылардың жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді. Жеңімпаз атанған оқушылар республикалық деңгейдегі байқауға жолдама алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий