Ғылым әлемін ашамыз

Өңірдегі балалардың техникалық шығармашылығы орталығында “Ғылым әлемін ашамыз” тақырыбында ғарыштық зерттеулер бағыты бойынша аймақтық байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл шығармашылық додаға аудандар мен қала мектептерінің үздік шыққан қарымы мен қабілеті зор дарынды оқушылардың ғылыми жетекші ұстаздарының басшылығымен құрастырған ғарыштық техникалық жобаларымен қатысты. Қатарынан оқ бойы озық шыққан бұл талантты талапкерлер білім мен шеберліктері бойынша бақ сынаған болатын.

Теректі ауданындағы жергілікті балалар шығармашылық үйіндегі “Технополис” үйірмесінің мүшелері қатысушы Шаған орта мектебінің 9 сынып оқушылары Жанерке Шаяхметова мен Айша Мукашева және жоба жетекшісі, шәкірттердің ұстазы Медет Бисекеновтің жетекшілігімен арнайы дайындаған “Спектр-М” ғарыштық аппараты жобасын ұсынған еді.

Бәсірелі байқаудың қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен оқушылардың жобасы жүлделі екінші орын иеленіп, сәуір айында ұйымдастырылатын халықаралық додаға жолдама алды. Жеңімпаздар мен жаңашыл жоба жетекшісіне сәттіліктер мен жеңістер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий