Қалдырған ізің мәңгілік…

Бүкіл саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» – Подольский Марктің 90 жас мерейтойы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты кешке аймақ жетекшісінің орынбасары Балжан Шәменова, өңірдің бас ұстазы Ақзира Қасымова, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Ибадулла Құттықожаев қатысып, саналы ғұмырының барлығын педагогика саласына арнаған ардагер ұстазға құрмет көрсетті. Марк Захарович еңбек жолын тәлімгер ретінде бастап, балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс жасаған. Макаренко атындағы №120 орта мектепте мұғалім, әрі қарай директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №3 орта мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып жұмыс істеді.

1978 жылдан 2002 жылға дейін №198 орта мектептің директоры қызметін атқарған. Жұмыс жасаған жылдары экономика, мәдениет, ғылым, білім, спорт секілді түрлі қызмет салаларында еңбек етіп жүрген көптеген білімді шәкірттерді тәрбиеледі. Парасатты педагогты сырбойылықтар зиялы тұлға, білімі терең білікті басшы және талантты ұйымдастырушы, нағыз көшбасшы ретінде таниды.

Оның басшылығымен түрлі жобалар жүзеге асырылып, білім ошағында тігін ісі бойынша шағын цех, бәліш цехы, кәдесый жасау цехы, шеберханалар жабдықталды. Сонымен қатар №198 орта мектепті басқарған уақытта республикадағы алғашқы миллионер оқу ошағының бірі болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий