Оқу үрдісіндегі инновациялар

Ақтөбе сервис колледжі базасында облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында ТжКББ ұйымдары оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған семинар – практикум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова, Ақтөбе сервис колледжінің директоры Г.Сахатова басқосуда жиналғандар алдында білім беру жүйесінде орын алып жатқан оң өзгерістерді баяндаса, Т.Жумагалиева «Жаңартылған білім негізінде оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру», А.Оралбаева «Дуалды оқыту – заман талабы», М.Калниязова «Демоэкзамен – оқыту нәтижелерін бағалаудың инновациялық түрі» тақырыбындағы тәжірибелерімен бөлісті.

«Жас маман» жобасы аясында ашылған «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзіреттілігі бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, қазақтың ұлттық тағамдары «Қарын бүрме», «Шоколадпен глазурленген жент», «Жау журек», «Ұннан жасалған ұлттық өнімдер», «Sous vide» аппаратында әзірленген «Қазы», «Жайма» жартылай фабрикатын дайындау, «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығының негізінде білім алушылардың «Нео-фольклор» стиліндегі дефиле көрсетіліп, шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий